Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-2-бабының негізінде әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған мәліметтері негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:                                                                                                                                                                                                                                                                              

  1. Әкім болуға кандидаттар ретінде Байдүйсенов Тайыр Жомартұлы, Примбетов Кайыркен Дайрабаевич, Құлмағанбетов Асылхан Нұржанұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2 бабының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының көзделген талаптарына сәйкес келеді.
  2. Осы шешім Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

 

М.Дулатов

 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы

 

Е.Оспанов

 

 

 

 

 

 

27 қараша 2025 жыл

№24

Шешім
Дата публикации
27 ноября 2025