Қ Ы З М Е Т К Е   К О Н К У Р С !   «Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына конкурс жариялайды.

Қ Ы З М Е Т К Е   К О Н К У Р С !

 

«Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына конкурс жариялайды.

 

Функционалдық міндеттері:

 

Заңнама талаптарына сәйкес бөлімнің қабылданатын шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

         мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне  қолданыстағы заңдылыққа сәйкес кәсіпорынның шаруашылық және қаржы қызметіне басшылық етеді;

         шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;     

         байқаулар мен фестивальдерді, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

         көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

         білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады;           

         қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, шығармашылық бастамаларын ынталандырады.

         мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;

         кәсіпорынның атынан барлық ұйымдарда, мекемелерде жұмыс жүргізеді, бұйрық шығарады, келісім шартқа отырады.

         ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.

         Кәсіпорынның бюджетін қаржыландыратын басым бағыттарын және міндетті жұмыс көлемін анықтайды және қаржы шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына жауапты болады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес/немесе қызмет көрсету мәдени-тынығу жұмысының бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс.

Білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
  • Бюджет кодексін;
  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;
  • Еңбек кодексін;
  • «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.

Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы           2 ақпандағы №70 бұйрығына және «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

            Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

      1) он сегіз жасқа толмаған;

      2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталындағы электрондық түрде жүзеге асырылатын форматта                 www.e-qazyna.kz арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік тілде өзі туралы түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және одан босатылғаны туралы  бұйрықтардың көшірмесі;
  • денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар мен дәрежелер беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с) беруіне болады.

Үміткерлердің  құжаттары бұқаралық ақпарат құралдарында немесе интернет ресурстарына конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап              7 (жеті) жұмыс күні өткен соң сағат 09.00-19.00-ге дейін мына мекен-жайда қабылданады: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т. Рысқұлов көшесі №3 үй, «Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, анықтама телефоны: 8 72432 4-30-70, 4 17-65

Аталмыш лауазымға орналасқан адамдар үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді        

           дамыту бөлімінің конкурстық комиссиясы

Ақпарат
Дата публикации
27 ноября 2025