Жария сервитут белгілеу туралы

Жария сервитут

белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Балобан Ресорсез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Шиелі ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі – 26, 999,7 гектар жер учаскесіне 2031 жылдың 05 қаңтарға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
  2. «Балобан Ресорсез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.
  3. «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                 А. Жандарбеков

 

 

 

 

 

 

 

Шиелі ауданы әкімдігінің

2025 жылғы _ қазандағы №__

қаулысына қосымша

 

 

№

 

Жер пайдаланушылар атауы

 

Кадастрлік нөмірі

 

1

 

"stecol corporation (стекол корпорейшн)" ЖШС Қазақстан Республикасының филиалы

101540052008

2

"stecol corporation (стекол корпорейшн)" ЖШС Қазақстан Республикасының филиалы

10154052007

3

"stecol corporation (стекол корпорейшн)" ЖШС Қазақстан Республикасының филиалы

10154052005

4

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі

10154052010

5

"stecol corporation (стекол корпорейшн)" ЖШС Қазақстан Республикасының филиалы

10154052004



Қаулы
Дата публикации
21 ноября 2025