Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85 642 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35 798 адам, ауылдық елді – мекендерде 49 844 адам тұрады.
2025 жылдың 1 қарашаға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2025 жылдың 1 қарашаға болжамдалған 11 млрд. 747 млн. 572 мың теңгенің орнына 12 млрд. 392 млн. 29 мың. теңгеге немесе 105,5 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 5 млрд. 718 млн. 488 мың. теңгенің орнына 6 млрд. 210 млн. 6 мың теңге болып 108,6 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 қарашаға жалпы
11 млрд. 747 млн. 572 мың теңгеге жоспарланды. 10 айдың қорытындысымен 11 млрд. 514 млн. 932 мың теңгеге немесе 98,0 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 10 айында 64 млрд. 882 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 102,9 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 54 млрд 369 млн. теңгеге жетіп, 102,5 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
62 млрд. 884 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,9 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 16 млрд. 822 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 128,0 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 63 612 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 13 млрд. 285 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 51 млрд. 647 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 104,1 пайызды құрады.
2025 жылдың 1 қарашаға тірілей салмақта 4025,9 тонна ет, 9654,1 тонна сүт, 2095,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 104,0 пайызға, сүт 100,4 пайызға, жұмыртқа 125,5 пайызға орындалған
Мал шаруашылығы
2025 жылдың 1 қарашаға ірі қара 85405 басты, уақ мал 138211 басты, жылқы 25954 басты, түйе 1870 басты, құс 30699 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 94,9 уақ мал 94,6 жылқы 97,5, түйе 100,5 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2025 жылдың 1 қарашаға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6447 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 99,2 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4395, шаруа қожалық-1483, заңды тұлға-569) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 6243-і құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,0 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 85 642. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.