Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 12 қараша №АСК-25/53 қаулысымен Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 21 желтоқсанға тағайындалды.

Бекітілген Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 13 қарашада басталады және 2025 жылғы 25 қараша сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 30 қараша сағат 18.00-де аяқталады.

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Ы.Жақаев көшесі, №1, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының ғимараты, байланыс телефоны: 4-10-61, электронды поштасы tic_kzl_shl@saylau.kz.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – төраға орынбасары, Оспанов Елжан Әшімханұлы – хатшы, мүшелері: Төрехан Фарида Алиханқызы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы

№295 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуантобе ауылдық округi, Алғабас ауылы, Ә.Исмайлов к-сі №40, клуб үйі. Байланыс тел: 26-3-45. Электронды поштасы: USK_295@mail.kz

Комиссия құрамы: Ағзамұлы Бауыржан – төраға, Жүсіп Кенжебай Сыздықұлы - төраға орынбасары, Минадилова Набира Алимхановна – хатшы. Комиссия мүшелері: Жақсылықова Гүлназ Маханбетовна, Ашенова Гүлмира Алмахановна, Піржанов Нұржан Алмасұлы, Искакова Айнур Айтмухамедовна

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Ақпарат
Дата публикации
12 ноября 2025