Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы 

Жуантөбе ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 2) тармақшасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 21 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Өскен өңір» газетіне жариялансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                               М.Дулатов               

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                              Е.Оспанов

 

 

АСК-25/53

12.11.2025 ж.

Қаулы
Дата публикации
12 ноября 2025