Шиелі кентінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

Шиелі кентінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

 «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 75-бабының           2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шиелі кентінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер - 189 160 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 96 797 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 308 мың теңге;

         трансферттер түсімдері - 92 055 мың теңге;

         2) шығындар - 189 160 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

2.Аудандық бюджеттен Шиелі кентінің бюджетіне берілетін субвенциялар көлемдері 2021 жылға 92 055 мың теңге сомасында белгіленсін.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Шиелі  аудандық мәслихат                                Шиелі  аудандық

          сессиясының төрағасы                              мәслихатының хатшысы

 

                            М. Салқынбаев                                                        Б. Сыздық

Дата публикации
20 ноября 2020