Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкіміне кандидаттар Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлын, Абсултанов Нурдаулет Абдымунаповичті, Оспанов Дәурен Әуезұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкіміне кандидаттар Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлын, Абсултанов Нурдаулет Абдымунаповичті, Оспанов Дәурен Әуезұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының                    2) - тармақшасына сәйкес және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы мен Шиелі ауданының полиция бөлімінің  2025 жылғы 16 қазандағы №8-111/4045 санды хатын негізге алып, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2025 жылдың 9 қарашаға тағайындалған Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауында Алмалы ауылдық округі әкіміне кандидаттар Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы, Абсултанов Нурдаулет Абдымунапович, Оспанов Дәурен Әуезұлы сайлаушылардың жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. Алмалы ауылдық округі әкіміне кандидаттар Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлын, Абсултанов Нурдаулет Абдымунаповичті, Оспанов Дәурен Әуезұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 17 қазандағы хаттамаларына сәйкес кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
  3. Осы шешім Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

 

М.Дулатов

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы

 

Е.Оспанов

 

 

 

 

 

17 қазан 2025 жыл

№22

Шешім
Дата публикации
17 октября 2025