2025 жылғы 9 қарашаға тағайындалған Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округінің әкімін сайлауда әкім болуға кандидатты қолдап сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағын толтыру үшін сайлау округіндегі дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы мөлшеріндегі қол санын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4 бабына  сәйкес және Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 1 қазандағы №АСК-25/43 «Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Шиелі ауданының Алмалы ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны сайлау округіндегі дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы 13 (он үш) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттарға әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы шешім Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы 

М.Дулатов

Шиелі  аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы

Е.Оспанов

14 қазан 2025 жыл

№18

Шешім
Дата публикации
14 октября 2025