Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-2-бабының негізінде әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған мәліметтері негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:                                                                                                                                                                                                                                                                              

  1. Әкім болуға кандидаттар ретінде Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы, Абсултанов Нурдаулет Абдымунапович, Оспанов Дәурен Әуезұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының көзделген талаптарына сәйкес келеді.
  2. Осы шешім Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

 

М.Дулатов

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы

 

Е.Оспанов

 

 

 

 

 

14 қазан 2025 жыл

№17

Шешім
Дата публикации
14 октября 2025