Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

 

2025 жылдың 14 қазан күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Шиелі ауданының Алмалы ауылдық округі әкіміне барлығы өзін-өзі ұсыну жолымен 3 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылдың 19 қазан күні сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Ақпарат
Дата публикации
14 октября 2025