Аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің ХАТТАМАСЫ

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің

ХАТТАМАСЫ

 

Шиелі кенті                                                                                        2025 жылғы 15 қыркүйек

                                                                                                                                сағат: 16-00

 

Төрағалық еткен:

                                                 Аудан әкімі - А. Жандарбеков

Қатысқандар:

Аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім,

мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері

 

І. «Жол жүрісі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы»

(А. Жандарбеков, А. Алдабергенов, А. Дүйсенбаев, Ғ. Аманжолов, М. Жұмаділ,

Б. Муханов к/б, кент және ауылдық округ әкімдері)

 

1.1. Аудандық экономика және қаржы бөлімі: (М. Жұмаділ): Бәйгеқұм ауылының ішкі жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жобаларын қайта қарап, ұсыныс әзірлеп ауддан әкімі аппаратына ұсынсын. (мерзімі: 18.09.2025 жыл).

1.2. Аудан әкімінің орынбасары (А. Дүйсенбаев), Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Ғ. Аманжолов), Қарғалы, Жөлек, Қоғалы, Ортақшыл, Тартоғай ауылдық округ әкімдері бірлесіп, «Сырдария» өзені бойында орналасқан барлық өтпелі паромдардың техникалық жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізсін. (мерзімі: 18.09.2025 жылға дейін).

1.3. Аудандық полиция бөлімі (Б. Муханов к/б):

1) Тұрғылықты мекен-жайын кент орталығына құжат жүзінде алмастырып, іс жүзінде ауылдық округтерден қатынап білім алатын оқушыларды анықтап, заң аясында тиісті шаралар қабылдасын. (мерзімі: тұрақты).

2) Барлық жеке білім беру ұйымдарының (жеке мектептер, жеке бала-бақшалар) балалар тасымалдайтын көлік құралдарына тексеру жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай келмейтін көлік құралдарының меншік иелеріне заң аясында шаралар қабылдасын. (мерзімі: тұрақты).

1.4. Ақтоған ауылдық округінің әкімі (Е. Ахметов): Ақтоған ауылдық округінен Шиелі кентіндегі жеке бала-бақшаларға қатынайтын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарына заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балаларды жақын елді-мекендердегі бала-бақшаларға ауыстыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізсін. (мерзімі: 25.09.2025 жыл).

1.5. Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі (Д. Абжапбаров): Шиелі кенті орталығына жеке мектепке қатынап білім алатын оқушының ата-анасына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жергілікті мемлекеттік мектепке ауыстыру шараларын қабылдасын. (мерзімі: 19.09.2025 жыл).

1.6. Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі (К. Маматов): Жаназар батыр, 1 Мамыр елді-мекендеріндегі бала-бақшаларға қатынайтын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарына және бала-бақша меңгерушілеріне балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы қажеттігі бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізсін. (мерзімі: тұрақты).

1.7. Тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау және үйлестіру аудан әкімінің тиісті сала орынбасарларына жүктелсін.

 

***

 

ІІ. Қосымша мәселелер

(А. Жандарбеков, А. Алдабергенов, А. Дүйсенбаев,

кент және ауылдық округ әкімдері)

 

2.1. Ауылдық округ әкімдері бірлесіп, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойындағы бойын тиісті ауылдық округ әкімдері, ауылға кіре-беріс аркалардың безендірілуін, паспорттардың талапқа сай болуын, өз аумақтары бойынша жол бойының тазалығын тұрақты түрде қамтамасыз етсін. (мерзімі: тұрақты).

2.2. Шиелі кенті әкімі аппараты: «Самара-Шымкент» тас жолы бойындағы жайма базарларды алып тастау, бұзу жұмыстарын ағымдағы жылдың 19 қыркүйегіне дейін аяқтап, нәтижесін аудан әкімі аппаратына ұсынсын. (мерзімі: 19.09.2025 жыл).

2.3. Бәйгеқұм, Жуантөбе, Ақмая ауылдық округ әкімдері: «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойындағы пайдаланудан босаған және сауда-саттық тоқтаған жайма базарларды алып тастау, бұзу жұмыстарын жүргізсін. (мерзімі: 30.09.2025 жыл).

2.4. Тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау және үйлестіру аудан әкімінің тиісті сала орынбасарларына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                  А. Жандарбеков

Хаттама
Дата публикации
10 октября 2025