Аудан әкімі А.Н. Жандарбековтың 2025 жылы кент және ауылдық округтерде халықпен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан көтерілген МӘСЕЛЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ

Аудан әкімі А.Н. Жандарбековтың 2025 жылы кент және ауылдық округтерде

халықпен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан көтерілген

МӘСЕЛЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ

1-жарты жылдық

 

Р/С

Көтерілген мәселенің атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқталу нысаны

 

Иіркөл ауылдық округі

1.      

Ы. Жақаев ауылы Тәуелсіздік көшесіндегі  тұрғын үйлерді ыза судан тазарту жөнінде

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов,

Б. Бәйділдаев

Д. Әубакиров

Облыстық «Қазсушар» мекемесі арқылы Ы.Жақаев ауылынан №21 бекетке дейін «К-4» қашыртқысы тазаланды

Байсын ауылдық округі

2.      

Байсын ауылына кіре беріс көпірді жаңалау мәселесі

Тоқсан

сайын

Б.Сағындықов,

Ғ. Аманжолов.

Елді мекенге кіре беріс көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

3.      

Жаңадан берілген көшелерге электр бағаналары мен желілерін орнату туралы

Тоқсан

сайын

Б.Сағындықов,

Ғ. Аманжолов,

Жаңадан берілген көшелерге электр бағаналары мен желілерін орнату үшін аудандық тұрғын үй – коммуналдық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс берілді

4.      

Байсын ауылындағы 7 көшеге асфальт төсеу жұмыстары бойынша

Тоқсан

сайын

Б.Сағындықов,

Ғ. Аманжолов

Ауылдың жеті көшесіне асфальттау жұмысын жүргізу үшін жоба – сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қосымша екі көшеге сараптаманың оң қортындысын алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде

Бидайкөл ауылдық округі

5.      

Бидайкөл ауыл ішіндегі көшелерге бітпей қалған жаяу жүргіншілер жолын салуды жалғастырса сонымен қатар А. Құнанбаев көшесінен кейінгі көшелерге тұрғын үй салу үшін жер берілсе?

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

М. Әшірбеков

С. Жүсіп

Жаяу жүргіншілерге арналған бітпей қалған жолдың салынуы үшін жоба сметалық құжаттар әзірленген. А. Құнанбаев көшесінен кейінгі көшелерге тұрғын үй салу үшін жер әзірге берілмейді. Себебі ол жерлерде Сібір жарасы ошағы анықталған. Сол себептен 1 шақырым жерге дейінгі аралықта құрылыс жұмыстары жүмейтінділігі, қызыл сызық болып белгіленгендігі түсіндірілді

6.      

Бидайкөл ауылындағы бұрынғы ескі әкімдік ғимараты орнына жаңадан әкімдік ғимараты салынып жатқандығы, қазіргі таңда құрылыс жұмысы не себепті тоқтап қалған?

Тоқсан

сайын

А. Алдабергенов

С. Жүсіп

Әкімдік құрылысының салынып жатқандығы рас, қазіргі таңда әкімдік ғимаратының құрылыс жұмыстарына шектеу /моратория/ салынуына байланысты тоқтағандығы түсіндірілді.

Бұланбай бауы ауылдық округі

7.      

Ауылға кіреберіс жолға жарық шамдарын орнату мәселесі

Тоқсан

сайын

А. Алдабергенов

Д. Әбуов

Аудандық бюджеттен 2,9 млн теңге қаржы бөлініп, 23 жарық шамдар бағанасы орнатылды

Ортақшыл ауылдық округі

8.      

Шаруа қожалықтар артық жерлерді қоршалап алған. Нақтылап шекарасын бекітіп берсеңіздер.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

М. Әшірбеков

 

Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастар бөліміне құжат арқылы да өтініш түскен. Алдағы уақытта оң шешімін табады.

9.      

Ауылдағы электр энергиясының күші нашар, кешкі мезгілде жануы төмен

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Калкулов

Қазіргі таңда ауданда электр энергиясы бойынша жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты энергия күші аз, алдағы уақытта қалпына келеді.

Жөлек ауылдық округі

10.   

Елдімекенде электр энергиясының төмен екендігі

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Калкулов

М. Жолдасбеков

Ауданда электр энергиясы бойынша жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты энергия күші азайған, қәзіргі таңда қалпына келді.

11.   

Елдімекенді көгілдір отын /газбен/ қамту мәселесі

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

М. Жолдасбеков

Е. Асқаров

Тартоғай ауылы тұсындағы ГРЭС құрылысы жүргізіліп газ таратау қондырғысы орнатылған жағдайда елді мекен ішіне газ құбырын тарту жұмыстары жүреді.

Бәйгеқұм ауылдық округі

12.   

Ауыз су мәселесі

Тоқсан

сайын

Б  Сағындықов

А. Сәрсенбаев

Д. Әбжапбаров

Жаз мезгілінде тұрғындардың бау бақша суаруның кесірінен ауыз қысымы төмен, су мөлшері азайып тұр. Дегенмен тиісті мамандар келіп жұмысты ретеп, мәселе шешілді..

13.   

М. Әуезов көшесіне балалар ойын алаңын салу

Тоқсан

сайын

Б  Сағындықов

Д. Әбжапбаров

Аудандық экономика және қаржы бөліміне 9,0 млн теңгеге жоба сметалық құжаттары тапсырылды.   

Бала би ауылдық округі

14.   

Шиелі – Бала би бағытына қатынайтын автобус жайлы.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Аманжолов

Х. Тажиев

Ағымдағы жылға екі рет конкурс жарияланған.

15.   

Аяқ су мәселесі

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Д. Әубаркиров

Х. Тажиев

Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарының халқына кезектілікпен аяқ су берілуде. 

Жуантөбе ауылдық округі

16.   

Ауылішілік жолдардың бітуіне ықпал жасау

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Аманжолов

А. Есимов

Заң талаптарына сәйкес бақылауда болады.

Бестам ауылдық округі

17.   

Елді мекенге учаскелік полиция қызметкері керек

Тоқсан

сайын

Б.Ысмағұлов

Б. Мұханов

М. Қыпшақбайұлы,

Қазіргі таңда резервте тұрған адам жоқ, елді мекенен білімі және талаптарға сәйкес келетін азамат болса ұсыныс жасау жөнінде түсіндірілді.

18.   

Спорт алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Тоқсан

сайын

Б Ысмағұлов

М. Қыпшақбайұлы

Аудандық экономика және қаржы бөліміне жоба сметалық құжаттыр дайындалып, тапсырылды.

Ә. Тәжібаев ауылдық округі

19.   

Тегін дәрі алу қиындап кетті. Дәріні жеткізу жолдары бар ма? және жедел жәрдем көлігін аудан орталығынан шақыруымыз керек пе, ауылдағы емханадан келмейді ме?,

Тоқсан

сайын

Б. Ысмағұлов

А. Әбілпатта

Ә. Сәрсенбаев

Қазіргі таңда елді мекен дәрігері ауысып, дәрі-дәрмектер уақытылы берілуде.

20.   

Ауылдан электр жөніндегі штат ашылса?

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Калкулов

Ә. Сәрсенбаев

Елді мекенде подстанция жоқтығына байланысты арнайы штат берілмейді. КРЭК мекемесінен арнайы бригада бөлініп, авариялық жағдай орын алғанда келіп жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Ақтоған ауылдық округі

21.   

Ауыз суға қосылмай қалған өздері тұрғып жатқан үйдің ауыз суын 750 метр қашықтықта жатқан ауыз су нүктесіне қосып беруін сұраған

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

А. Сәрсенбаев

Е. Ахметов

Алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі

22.   

Д. Шыныбеков көшесіне түнгі көше жарығын орнатып беруін сұраған

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Г. Калкулов

Е. Ахметов

Аудандық бюджеттен 9,2 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Алмалы ауылдық округі

23.   

№ 21 бекет елді мекені кіре берісіндегі Сақатаев көшесі бірінші және екінші тұрғын үйлерді күріштің ыза суы басу мәселесі

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

М. Әшірбеков

Ө. Әбдікәрімов

Ауыл депутаты А. Бердібаев күзгі күріш орағынан кейін тиісті жұмыстарды ретке келтіріп беретіндігін айтып өтті.

Ақмая ауылдық округі

24.   

Батыс Еуропа – Батыс Қытай авто дәлізі мен Ақмая ауылы аралығындағы 8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Аманжолов

Ғ. Бейсенбаев

Батыс Еуропа – Батыс Қытай авто дәлізі мен Ақмая ауылы аралығындағы 8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба – сметалық құжаты дайындалып, облыстық экономика және қаржы басқармасына өтінім берілген.

25.   

Болашақ көшесін курделі жөндеуден өткізу

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Аманжолов

Ғ. Бейсенбаев

Болашақ көшесін курделі жөндеуден өткізу жөнінде демеушілер тарапынан жоба –
сметалық құжаты әзірленіп,мемлекеттік сараптамадан өту жұмыстары жүруде.

26.   

Қосарық елді мекенінің аяқ су келетін арықтарын тазалау

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Д. Әубакиров

Ғ. Бейсенбаев

Қосарық елді мекенінің аяқ су келетін арықтарын тазалау жұмыстары күз мезгілінде су тартылған соң «Төңкеріс» ш/қ арқылы жүргізілетін болады.

Тұран ауылдық округі

27.   

Елді мекендегі электр бағандарын ауыстыру бойынша

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Калкулов

М. Парманқұлов

Электр бағандарын ауыстыру жәйлы 2025 жылға 10 ауылдық округтің электр бағандарын ауыстыру жоспарлануда. Кезең кезеңімен жұмыстар жасалатын болады.

28.   

К – 3 қашыртқысын дамбылау

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Д. Әубакиров

М. Парманқұлов

Аудандық су шаруашылығы бөлімі арқылы К – 3 қашыртқысын дамбылау жұмыстары ағымдағы жылдың күз айларында көтеру жоспарлануда.

Еңбекші ауылдық округі

29.   

Қосүйеңкі елді мекенінде ауыз су сапасы нашарлап кетті.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

А. Сарсенбаев

Е. Жүсіп

Ауыз судың сапасына байланысты тиісті зертханалық тексерулер жүргізіліп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, ішуге жарамдылығы жөнінде оң қортынды бар. Бұл мәселе бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, орындалу барысы қатаң бақылауда.

30.   

Қосүйеңкі елді мекеніне футбол алаңын салып берсе

Тоқсан

сайын

Б. Ысмағұлов

Е. Жүсіп

Қосүйеңкі елді мекеніне футбол алаңын салып беру жөніндегі ұсыныс назарға алынып, бюджет қаражаты есебінен мүмкіндігіне қарай келесі кезеңге енгізу жоспарланатын болады.

Жиделі ауылдық округі

31.   

№ 206 «Жиделіарық» орта мектебі жанындағы шағын орталық жұмысын тоқтатпау, Есабыз көшесі бойындағы бос тұрғын жер учаскесіне мемлекеттік балабақша салу.

 

Тоқсан

сайын

Б. Ысмағұлов

Д. Нәсібеков

Е. Әбілдашев

«Шырай» шағын орталығы жұмысын жалғастыруда. Ал, мемлекеттік балабақша салу – бүгінгі таңда балабақшалар жұмысы республика көлемінде бәсекелестік ортаға берілген. Жиделіарықта 80 орындық жеке балабақша бар.

32.   

Елді-мекендегі ФАП ғимаратына қосымша ғимарат салып, кеңейту.

Тоқсан

сайын

Б. Ысмағұлов

А. Әбілпатта

Е. ӘбІлдашев

ФАП ғимаратын кеңейту бойынша бұған дейін атқарылған жұмыстар жалғасуы тиіс (қосымша ғимарат сызбасын әзірлеу, құрылыс жұмыстарына кәсіпкерлердің демеушілігіне жүгіну). Себебі қолданыстағы ФАП ғимараты 16 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген жаңа ғимарат болып табылады.

33.   

Ауылдағы электр бағаналарын жаңарту жұмыстары тоқтап қалуына байланысты қайта жандандыру.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Калкулов

Е. ӘбІлдашев

Елді-мекендегі электр бағаналарын жаңарту жұмыстары жалғасады. Былтыр басталған жұмыс міндетті түрде соңына дейін жеткізіледі. Республикалық бюджеттен «ауыл Ел бесігі» жобасы аясында тиісті қаржылар бөлінген жағдайда бұл мәселе оң шешімін табатын болады.

34.   

Елді-мекеннің шеткі аумақтарындағы және жаңадан ашылған көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізу

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Аманжолов

Е. ӘбІлдашев

Елді-мекеннің шеткі аумақтары және жаңадан ашылған көшелерді жай жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 7,0 млн теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

35.   

Еңбекші ауылы БЕ-БҚ шекарасы аралығындағы автожол бойында тас тасымалдайтын ауыр жүк көліктерінің жол ережелерін қатаң сақтауы (шамадан тыс тас артпау, тас тасымалдау кезінде жүкті жабу).

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Б. Мұханов

Е. ӘбІлдашев

Шиелі ауданы полиция бөлімінің бастығы Б. Мұханов аталған автожол бойында жол ережелерін сақтау бойынша шаралар қабылдап, тиісті рейд жұмыстарын жүргізуде. Аталған жер учаскесін «Гежуба Шиелі цемент» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға беріп, облыс әкімімен бекітілген хаттамаға сәйкес осы ЖШС жолды жөндеу туралы бастама көтереміз. «Кап логистикс» мекемесі және де өзге де ауыр жүк көліктері бар мекемелерге тасты шамадан тыс артпау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

36.   

БЕ-БҚ автожолының Еңбекші ауылы мен Н. Бекежанов ауылына кіреберіс учаскелеріне бақылау камераларын орнату

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Аманжолов

Е. ӘбІлдашев

БЕ - БҚ халықаралық автодәліз болып табылатын республикалық автожол. Аталған жол «Қазавтожол» республикалық кәсіпорнының теңгерімінде болғандықтан камера орнату орындарын осы мекеме айқындайды.

 

Керделі ауылдық округі

37.   

Р – 12 каналының тұсындағы шлюзге жұмысқа ауыл тұрғыны алынса

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Д. Әубакиров

Ғ. Ыханов

Заңдылығына сәйкес қаралады

38.   

М. Әуезов көшесіне жаяу жүргіншілер  жолы салынса

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Ыханов

М. Әуезов көшесіне жаяу жүргіншілер  жолы жөнінде аудандық экономика және қаржы бөліміне сметалық құжаттары тапсырылған.  Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автоиобиль жолдары бөліміне ұсыныс берілді.

Сұлутөбе ауылдық округі

39.   

«Көк» су каналының сағасындағы тоспаның барлық қақпағы жабық тұр, тоспадағы үш қақпағы 50 см ашылса, Аяқ су мәселесі

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Д. Әубакиров

К. Маматов

«Көк» су каналының бойындағы тоспалар ашылып, аяқ су мәселесі шешімін тапты.

40.   

Сұлутөбе ауылына балалар ойын алаңы салынса

Тоқсан

сайын

Б. Ысмағұлов

К. Маматов

Алдағы уақытта тиісті құжаттары әзірленіп, ұсыныстар жасалатын болады.

Майлытоғай ауылдық округі

41.   

Ауылымыздағы «Айжан» бала бақшасының жабылу мәселесі қалай болмақ?

Тоқсан

сайын

Б. Ысмағұлов

Д. Нәсібеков

А. Мәмбетов

«Айжан» бала бақшасының жабылуына байланысты елді мекендегі №141 мектеп жанынан шағын орталық ашу жұмыстары жүргізілуде

42.   

Ауылымызға учаскелік инспектор берілсе

Тоқсан

сайын

Б. Ысмағұлов

Б. Мұханов

А. Мәмбетов

Алдағы уақытта бұл мәселе қаралуда, қазіргі таңда уақытша Сұлутөбе ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасауда.

Тартоғай ауылдық округі

43.   

М. Мәметова көшесі бойында орналасқан трансформатордан ауылдағы төрт көшеге электр тартылады. Кеш құрым тоқ кернеуі төмендеп, электр жарығы азаяды

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Калкулов

А. Ахметов

Қосымша жаңадан трансформатор орнатуға жоба сметалық құжаттар әзірленіп, аудандық экономика және қаржы бөліміне 6,5 млн теңгеге өтінім тапсырылды.

44.   

Ершохаев көшесінің Казарма аумағына жәй жөндеу жұмыстары жүргізілсе және түнгі жарық бағаналарын орнатса

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Аманжолов

А. Ахметов

Ершохаев көшесінің Казарма аумағына аудандық бюджеттен 5,3 млн теңге қаралып жәй жөндеу жұмыстары жүргізілуде

45.   

Елді мекендегі Балтабай каналы арқылы ауылға келетін аяқ су көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты оң шешімін тапса

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Д. Әубакиров

А. Ахметов

Сырдария өзенінің су деңгейі төмен болуынан аяқ судың жеткіліксіз болу себебі туындауда. Қазіргі таңда Жөлек ауылынан келетін Нәнсай каналының сағалары қазылып тиісті жұмыстар жүргізілген.

Тұрсынбай датқа ауылдық округі

46.   

Елді мекендегі су құбырының суы тартылып су шықпағандықтан мектеп құдығынан тұрғындар су ішіп отыр.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

А. Сәрсенбаев

Ғ. Сейтов

Бұл мәселеден хабардармын. Алдағы уақытта мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жасалады. Сала мамандарына тапсырма беріледі.

Шиелі кенті № 219 мектеп

47.   

Шиелі кенті, №219 мектап жанындағы көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылса екен, түнгі мезгілде көлік қатынасы қиындықтар туғызуда.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Аманжолов

А. Өмірәлі

Шиелі кентінің теріскей бет аумағындағы №219 мектап жанындағы көшеге былтырғы жылы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнде Самара-Шымкент трассасынан Қазыбек би көшесі аралығындағы жолға жарық бағанасын жүргізуді қажет етеді. Түнгі жарық мәселесі бойынша қазіргі таңда, жоба-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жоба-сметалық құжаттамасы жасақталғаннан кейін бюджеттік өтінім өткізіліп, мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

48.   

Шиелі кенті, И.Панфилов көшесі бойына салынған асфальт жолды «Арғымақ» ЖШС-гі учаскелік аумағына дейін кеңейтсе екен.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

А. Өмірәлі

Шиелі кенті, И.Панфилов көшесіне 2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен көше бойына асфальт жабындысы төселген. Жол жөндеу жұмыстары кезінде тиісті нормалар сақталған. Ендігі кезекте, «Арғымақ» ЖШС-гінің өзіне тиесілі учаскесіне кеңейту мәселесі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

49.   

Иманжүсіп көшесі бойында орналасқан бос үй егесін анықтау және жүргізілген электр бағаналарының тоқ кернеуінің аздығы, жиі электр жарығының өшуі мәселесі.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Калкулов

А. Өмірәлі

Шиелі кенті, Иманжүсіп көшесі бойында орналасқан бос үй егесін анықтау бойынша «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынстары» бөліміне және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Шиелі аудандық бөліміне егесін анықтап, құрылыс нормалары бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Сондай ақ, бүгінгі күнде аудан орталығында 10/0,4 кВ қайта құру, жаңғырту жұмыстарына байланысты электр желілері уақытша ажыратылуда. Алдағы уақытта тұрғындарға қолайсыз жағдайлар қалыптастырмау бағытында мердігер мекемемен тиісті шаралар қабылданатын болады.

50.   

М.Бөлтекейұлы көшесімен қиылысатын көшелердегі көлік қозғалысы мәселесі.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Б. Мұханов

Ғ. Аманжолов

А. Өмірәлі

Шиелі кенті Бөлтекейұлы көшесіне және қиылыстарындағы көшелерге Аудандық ішкі істер бөлімі арқылы мониторинг жұмыстары жүгізіледі. Мониторинг барысында көлік қозғалысы ережелерін сақтау, тұрғындар қауіпсіздігі бойынша тиісті шаралар атқарылатын болады.Қажет болған жағдайда жол белгілерін орнату мәселесі бойынша тиісті заңнамалық актілерге сай шаралар қабылданады.

Шиелі кенті Аудандық мәдениет үйі

51.   

Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданы №26 көп қабатты тұрғын үй ауласына балаларға арналған ойын алаңын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе екен.

Тоқсан

сайын

Б. Ысмағұлов

А. Өмірәлі

Шиелі кентінде жалпы 40-қа жуық ойын алаңдары, скверлер мен аллеялар орнатылған. Аталған №26 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы балалар ойын алаңы кеңес үкіметі кезінде орнатылған. Аталған ойын алаңдарына жыл сайынғы күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта балалар ойын алаңын күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасы жасақтау, жоба негізінде бюджеттік өтінім өткізу және қаражат тарту мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

52.   

Шиелі кенті, Шұғыла м.а, Шорабаев, Бәйімбетов көшелеріне көше жарығы, балалар ойын алаңы және қоғамдық көлік мәселесі.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Аманжолов

А. Өмірәлі

Өзіңізге белгілі, балалар ойын алаңын және көше жарығын жүргізу жұмыстары қомақты қаражатты талап етеді. Бюджет қаражаты шектеулі болғандықтан тұрғындар сұранысын толық қамти алмайды. Алдағы уақытта, Шұғыла мөлтек ауданы, Ә.Шорабаев пен Бәйімбетов көшелеріне түнгі жарық бағаналарын және балалар ойын алаңын орнату жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасы жасақтау, жоба негізінде бюджеттік өтінім өткізу және қаражат тарту мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік Шұғылы мөлтек ауданында қоғамдық көлік қатынайды. Қоғамдық көлік бекітілген маршуттар бойынша аялдамаларға тоқтайды.

53.   

Шиелі кенті, Абылайхан және Қ.Жайлыбаев көшесі бойындағы электр жарығының жиі өшу мәселесі.

Тоқсан

сайын

Б. Сағындықов

Ғ. Калкулов

А. Өмірәлі

Бүгінгі күнде, аудан орталығында 10/0,4 кВ қайту құру, жаңғырту жұмыстарына байланысты электр желілеріне уақытша ажыратылуда. Алдағы уақытта тұрғындарға қолайсыз жағдайлар қалыптастырмау бағытында мердігер мекемемен тиісті шаралар қабылданатын болады.

 

Аудан әкімі А.Н. Жандарбековтың 2025 жылы кент және ауылдық округтерде халықпен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан көтерілген МӘСЕЛЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ
Дата публикации
09 октября 2025