Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары

 

     Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 1 қазандағы №АСК-25/43 қаулысымен Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы
9 қарашаға тағайындалды.

Бекітілген Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 2 қазанда басталады және 2025 жылғы 14 қазан сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 19 қазан сағат 18.00-де аяқталады.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Ы.Жақаев көшесі, №1, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының ғимараты, байланыс телефоны: 4-10-61, электронды поштасы tic_kzl_shl@saylau.kz.    

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – төраға орынбасары, Оспанов Елжан Әшімханұлы – хатшы, мүшелері: Төрехан Фарида Алиханқызы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы

№281 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Алмалы ауылдық округi, Алмалы ауылы, Байтұрсынов к-сі №4, клуб үйі. Байланыс тел: 5-16-74. Электронды поштасы: USK_281@mail.kz

Комиссия құрамы: Абдугапбарова Гульнара Марданаевна – төраға, Мухтаров Рысбек Утелович – төраға орынбасары, Абдуллаева Светлана Қайырбекқызы – хатшы. Комиссия мүшелері: Сердалиева Базаркул Якияевна, Құрбанғали Гүлжазира Ғабдуллақызы, Жылқайдаров Ержан Ақбайұлы, Абсултанов Нурдаулет Абдымунапович.

 

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Ақпарат
Дата публикации
01 октября 2025