Төңкеріс ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 75 бабының
2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2021-2023 жылдарға арналған Шиелі ауданы «Төңкеріс ауылдық округі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бюджеті тиісінше №1,2 және
3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 103 894,0 мың теңге;
салықтық түсімдер – 2 161,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттердің түсімі – 101 733,0 мың теңге;
2) шығындар – 103 894,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге.
Лауазымы Аты-жөні
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджет жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Төңкеріс ауылдық округі әкім аппараты ҚР Бюджет кодексінің 9-1, 64 және 73-1 баптарының негізінде әзірленді
КІРІСТЕР
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округтың бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, Қазақстан Республикасы Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
2021-2023 жылдарға ауылдық округтің бюджет кірістерінің болжамдау кезінде 2020 жылғы бюджет кірістерінің орындалуы, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында нақты түскен түсімдердің бағалауы және уәкілетті органдардың мәліметтері ескерілген.
2020 жылға ауылдық округтің бюджет жобасы негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негіздей отырып, мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттары мен жергілікті деңгейде экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін, маңызды әлеуметтік шараларды уақытылы қаржыландыруды, кәсіпкерлік секторды дамыту, қаржы жоспарларын оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, үнемдеу режимін қатандандыру және жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту мақсатында жоспарланып отыр.
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, округтің салықтықтық түсімдер бойынша (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы, мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы, аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы), салықтық емес түсімдер бойынша және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 2021 жылға күтіліп отырған ауылдық бюджет кірістері түсімдерінің негізінде есептелінген.
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеттің кірістері 2021 жылға – 103 894,0 мың теңге; 2022 жылға – 107 989,0 мың теңге; 2023 жылға – 112 248,0 мың теңге, оның ішінде:
Ауылдық округтік бюджеттің түсімдері:
2021 жылға – 2 161,0 мың теңге;
2022 жылға – 2 312,0 мың теңге;
2023 жылға – 2 473,0 мың теңге.
субвенциялар:
2021 жылға – 101 733,0 мың теңге;
2022 жылға – 105 677,0 мың теңге;
2023 жылға – 109 775,0 мың теңге.
Ауылдық округ бюджеттің салықтық түсімдері 2021 жылға 2 161,0 мың теңге көлемде белгіленді. Салықтық түсімдердің ең үлкен мөлшерін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы,, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы, аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы құрайды.
Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 0,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерінің жоспары 0 мың теңге болып белгіленді.
ШЫҒЫНДАР
Ауылдық округтік бюджеттің жалпы шығындар көлемі 2021 жылы 103 894,0 мың теңгеге жоспарлануда.
2021 жылға арналған бюджет шығындарының көлемі 2020 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда 106 360,0 мың теңгеге немесе 97,7 пайызға өсіп отыр.
Ауылдық округтің бюджет шығындары, барлығы 103 894,0 мың теңге.
Оның ішінде базалық шығыстар:
001 «Кент, ауылдық округ әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 27 277,0 мың теңге;
041 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» бағдарламасы бойынша 51 393,0 мың теңге;
003 «Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 1 725,0 мың теңге;
008 «Елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 1 124,0 мың теңге;
011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 400,0 мың теңге;
006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша 21 975,0 мың теңге;