Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы анықтама

 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85 854 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36 023 адам, ауылдық елді – мекендерде 49 831  адам тұрады.

2025 жылдың 1 қыркүйекке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2025 жылдың 1 қыркүйекке болжамдалған           9 млрд 115 млн 985 мың теңгенің орнына  9 млрд 073 млн 789 мың теңгеге немесе 99,5 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 4 млрд 583 млн 279 мың теңгенің орнына 5 млрд 320 млн 249 мың теңге болып 116,1 пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджетінің шығысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке жалпы                 9 млрд 115 млн 985 мың теңгеге жоспарланды.

8 айдың қорытындысымен 9 млрд 073 млн 489 мың теңгеге немесе 99,5 пайызға орындалды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 8 айында 51 млрд. 784 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 102.4 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 43 млрд 4 млн. теңгеге жетіп, 101.5 пайызға артты;

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
49 млрд. 967 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123,4 пайыз;

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 14 млрд. 619 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 160,6 пайыз;

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 50877 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,0 пайыз;

Бөлшек сауда көлемі 9 млрд. 188 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,3 пайыз;

 

Ауылшаруашылық саласы

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 11 млрд. 927 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 104,6  пайызды  құрады.

2025 жылдың 1 қыркүйекке тірілей салмақта 3123,5 тонна ет, 7203,7 тонна сүт, 1555,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 105,6 пайызға, сүт 100,6 пайызға, жұмыртқа 125,6 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

         2025 жылдың 1 қыркүйекке ірі қара 90570 басты, уақ мал 139524 басты, жылқы 26542 басты, түйе 1870 басты, құс 32169 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 96,9 уақ мал 95,4, жылқы 100,1, түйе 99,2 құс 97,0 пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік

2025 жылдың 1 қыркүйекке ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6526 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 99,4 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4472, шаруа қожалық-1486, заңды тұлға-568) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  6324-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97 % -ға жетті.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша халық саны 85 854. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.

Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.

Ақпарат
Дата публикации
15 сентября 2025