Жоба
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі
Алғабас ауылындағы атауы жоқ орамдарына атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 20250 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысына сәйкес Жуантөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылының келесі көшелеріне:
- №4-7 орамдардағы атауы жоқ көшеге «Тұрмантай Досманов» есімі;
- №3-8 орамдардағы атауы жоқ көшеге «Өтеу Нұғманов» есімі;
- № 5 орамдағы атауы жоқ көшеге «Абдулхамид Әшіров» есімі;
- № 12 орамдағы атауы жоқ көшеге «Сығанақ» атауы;
- №16 орамдағы атаусыз көшеге «Жерұйық» атауы;
- №17 орамдағы атаусыз көшеге «Қызылшоқы» атауы;
- №20 орамдағы атаусыз көшеге «Қарашоқы» атауы;
- №21 орамдағы атаусыз көшеге «Қышқұдық» атауы берілсін.
Жуантөбе ауылдық округі әкімі А.Есимов