Қосымша
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың
2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы
ЕСЕП
Шиелі ауданы бойынша
Есепті кезең: 2025 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат
|
№ |
Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы |
Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
||
|
план |
факт |
түсініктеме |
||||
|
1-бағыт. Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту |
||||||
|
Жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық ұйымдарға және кәсіпкерлік субъектілерінде көрнекі ақпаратты дұрыс жазу бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат) мемлекеттік тілде рәсімдеу қажеттігі бойынша консултациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету |
|
10 |
10 |
2025 ҚР Заңының 21- бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру және көрнекі ақпаратты дұрыс жазу бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде рәсімдеу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі бағытында жыл басынан бері 65 (алпыс бес) кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде анықталған 15 кемшіліктер бойынша кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. |
||
|
2-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлерінің үлесі |
|
106 |
120 |
Орындалды: Тілдерді оқыту орталығы 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізді. Тестілеу жұмысына мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен 86 адам диагностикалық тестілеу жұмысынан өтті. |
||
|
3-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі |
|
98 |
98 |
Орындалуда: Мемлекеттік мекеме, кәсіпкерлік нысандар, ЖШС мекемелерінен 150 қызметкерлерді В2 деңгейіне оқыту жүргізілуде. |
||
|
1. |
Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізу |
|
|
1000 |
1000 |
Орындалды: 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында сауалнама 18 жастан асқан 1000 аудан тұрғыны қамтылады. |
|
2. |
Түркі, славян жазбаларының күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу |
|
|
2 |
2 |
Орындалды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – бірліктің тірегі » атты іс-шара өткізілді. Руханият орталығында 5 қыркүйек – Қазақстан халықтары Тілдері күні мерекесіне орай «Сүйемін туған тілді, анам тілін» атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Танымдық кешке Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шиелі аудандық филиалының төрағасы С.Сұлтан, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев, тіл жанашырлары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кеш барысында қатысушылар ана тілі туралы жүрекжарды өлеңдер оқып, көркемсөз шеберліктерін көрсетті. Мереке аясында аясында аудан көлемінде тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімнің алғыс хатымен марапатталды
|
|
3. |
Жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компанияларға көрнекі ақпаратты дұрыс жазу (акциялар, «Үздік маңдайша», «Үздік аудан», «Үздік көше» және т.б.), бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат) мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру |
|
|
3 |
3 |
Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбаевтың жетекшілігімен арнайы жұмысшы топ кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті мен түнгі жарықтандыру талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында аралау жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы топқа аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, полиция бөлімі, т.б. бөлімінің мамандары тартылды. Аралау барысында аудан орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандар назарға алынды. Сонымен қатар, кәсіп иелеріне сыртқы безендіру талаптарын сақтау, көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сәйкестендіру және жарықтандыру жүйелерін күшейту жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Мұндай аралау жұмыстары ауданның сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
|
Ескертпе: Қосымшадағы реттік саны Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының реттік санына сәйкес келеді.