Индустриялдық - инновациялық  даму бағдарламасы бойынша    

Индустриялдық - инновациялық  даму бағдарламасы бойынша    

       

   Бизнесті қолдау мақсатында Шиелі кентінің шығыс аймағынан индустриялық аймаққа 96 гектар жер беріліп, жарықпен, сумен, жолмен, темір жолмен қамтамасыз етілді.

            Бүгінгі күні индустриялдық аймақтан жобалық құны 70,6 млрд.теңгені құрайтын  18 жобаға  90 га жер телімі табысталып, оның ішінде 6 жоба іске қосылды. («Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС,«Шиелі Жолшы» ЖШС, «КазСтрой Орда» ЖШС, «Бөпежанова» ЖК, «СК Резалит» ЖШС,  ЖК «Абзал»)

  

Индустриялды- инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда 5 жоба жүзеге асырылуда. 

  1. 1. «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала-сауысқандық кенішінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасының ІІ және ІІІ кезеңдерін қаржыландыру мәселесі бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, облыс әкімдігі және британдық «Ferro-Alloy Recources Limited» компаниясы арасында құны 125 млн. АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асыру бойынша үшжақты келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылған.
  2. «Тан ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасының қуаттылығы жылына 9 мың тонна күріш ақтау және 3 мың тонна құрама жем өндіру. Жоба толықтай іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мемлекет тарапынан Қаратау беткейінен 30 га жер телімі зауыт құрылысы үшін, ал 5000 га жер телімі егіндік мақсатта табысталды. «КазАгрофинанс» мекемесі арқылы 5 дана ауылшаруашылық техникалары алынды. Бүгінгі күні «Жүгері дақылдарын кептіру және терең өңдеу жобасы» бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  3. 3. «Тіn oris» ЖШС-нің «Жоғары сапалы пресстелген жоңышқа өндіру» жобасы - Жобалық құны 4 млрд.335 млн.тг құрайтын жем шығару зауытын ашу жоспарлауда. Бүгінде ауданның индустриялды аймағынан 10 гектар жер берілді. Жоңышқа егуге қажетті 10 000 гектар жер беру мәселесі облыстық басқармалар арқылы шешілуде. Бүгінгі күнге жоба жетекшісі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылмауда, осыған орай индустрияландыру картадан шығаруға тиісті жұмыстар жүргізілуде.
  4. «Караганды Агро Инвест-Т» ЖШС-ның жобалық құны 20 млрд. 360 млн. теңгені құрайтын «Ауылшаруашылық кешенін құру» жобасы. Кешен жобасы іске асқан жағдайда              15 мың тонна көкөніс дақылдарын сақтауға арналған қойма, шырын өндірісі, көкөніс кептіру т.б ауыл шаруашылық дақылдары өңделетін болады. Зауыт құрылысы үшін Жуантөбе а/о-нен 30 га жер телімі табысталды. Бүгінгі күнге жоба жетекшісі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылмауда, осыған орай индустрияландыру картадан шығаруға тиісті жұмыстар жүргізілуде.
  5. «Мөлдир и К» ТС-нің Құс фермасын кеңейту жобасы. Жоба құны 160 млн. тг. Аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен 114 га жер телімі егістік мақсатта табысталды. «Байқоңыр»ӘКК» АҚ- арқылы 148 млн.тг қаржыландыру жоспарлануда. 2021 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық» банкінен 54 млн. теңге несие қаражатын алды.
Ақпарат
Дата публикации
29 июля 2025