Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы  «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  

ЖОБА

Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы

 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
№24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

           1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 12 212 896,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 956 825 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 117 305 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 96 993 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 7 041 773,5 мың теңге;

2) шығындар – 16 533 974,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -116 261 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 157 280 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 273 541 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 4 204 817,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
4 204 817,4 мың теңге;

қарыздар түсімі – 3 487 432 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 273 541 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 990 926,4 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

          

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

                   Аудандық мәслихат

                             төрағасы                                                            Ф.И.О.      

Шешім
Дата публикации
25 июля 2025