Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама (2025 жылдың мамыр айына)
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85 945 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36 315 адам, ауылдық елді – мекендерде 49 630 адам тұрады.
2025 жылдың 1 маусымға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2025 жылдың 1 маусымға болжамдалған 4 млрд. 984 млн. 971 мың теңгенің орнына 5 млрд. 414 млн 375 мың. теңгеге немесе 108,6 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 2 млрд 272 млн. 842 мың. теңгенің орнына 3 млрд. 444 млн. 137 мың теңге болып 151,5 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 маусымға жалпы
4 млрд. 984 млн. 971 мың теңгеге жоспарланды. 5 айдың қорытындысымен 4 млрд. 846 млн. 104 мың теңгеге немесе 97,2 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 5 айында 29 млрд. 431 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 117,8 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 24 млрд 342 млн. теңгеге жетіп, 133,6 пайызды құрады..
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
21 млрд. 980 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,3 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 7 млрд 582 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 162,9 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 22941 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,0 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 5 млрд. 133 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,5 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 3 млрд. 954 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,9 пайызды құрады.
Мал шаруашылығы
2025 жылдың 1 маусымға ірі қара 87795 басты, уақ мал 150156 басты, жылқы 30492 басты, түйе 1985 басты, құс 30096 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 104,5 уақ мал 103,7 жылқы 109,0 түйе 110,7 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2025 жылдың 1 маусымға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6306 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 99,4 пайыз. (жеке кәсіпкер-4257, шаруа қожалық-1494, заңды тұлға-555) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 6115-ті құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,0 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 85 945. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.