2025 жылғы 1 маусымда өткізілген Ортақшыл, Жаңатұрмыс ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2025 жылғы 1 маусымда Шиелі ауданының Ортақшыл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ортақшыл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №276, №277 учаскелік сайлау комиссияларының және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Ортақшыл ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 875 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 484 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 9 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 5 адам ұсынылып, 3-еуі дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы үшін – 311 дауыс, кандидат Ноғайбаев Жақсылық Нұридинұлы үшін – 165 дауыс, кандидат Өмірбаев Бейбіт Қабиденұлы үшін – 8 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 0 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы 1976 жылы туған, ұлты қазақ, "Шиелікентіәкімініңаппараты"КММ, кент әкімінің орынбасары, Шиелі кентінде тұрады, өзін өзі ұсынған.
2025 жылғы 1 маусымда Шиелі ауданының Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №280 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Жаңатұрмыс ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 641 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 489 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 6 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 4 адам ұсынылып, 3-еуі дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы үшін – 28 дауыс, кандидат Бердібаев Еркін Айтөреұлы үшін – 429 дауыс, кандидат Қанат Рахманбердіұлы үшін – 32 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 0 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Бердібаев Еркін Айтөреұлы Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бердібаев Еркін Айтөреұлы 1982 жылы туған, ұлты қазақ, уақытша жұмыссыз, Шиелі ауданы, Байсын ауылында тұрады, өзін өзі ұсынған.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы