2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ортақшыл және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Ортақшыл және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінің

әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                                             
         1. Өзін өзі ұсынған Ноғайбаев Жақсылық Нұридинұлы, Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы, Умирбаев Бейбит Кабиденович Ортақшыл ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.                                                            
         2. Өзін өзі ұсынған Қанат Рахманбердіұлы, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы, Бердібаев Еркін Айтөреұлы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.                                                        

  1. Кандидаттарға тиісті куәліктер берілсін.
             4. Кандидаттардың тіркелгені туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын және осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       М. Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                          Е.Оспанов

 

 

 

АСК-25/29

11.05.2025 ж.

Қаулы
Дата публикации
15 мая 2025