2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Шиелі ауданының Ортақшыл және Жаңатұрмыс ауылдық округтері әкімдерін сайлауда кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Шиелі ауданының Ортақшыл және Жаңатұрмыс ауылдық округтері әкімдерін сайлауда кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы 5 мамырдағы №02-10/689 санды хатының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Шиелі ауданының Ортақшыл ауылдық округі әкіміне кандидаттар Ноғайбаев Жақсылық Нұридинұлы, Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы, Файзуллаев Омархан Нышанбекович, Умирбаев Бейбит Кабиденович Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген талаптарға сәйкес деп белгіленсін.
  2. Шиелі ауданының Жаңатұрмыс ауылдық округі әкіміне кандидаттар Қанат Рахманбердіұлы, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы, Сәдуақасов Махан Дарханұлы, Бердібаев Еркін Айтөреұлы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген талаптарға сәйкес деп белгіленсін.
  3. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                          М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Е.Оспанов

 

АСК-25/24

05.05.2025 ж.

Қаулы
Дата публикации
15 мая 2025