Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85 963 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36370 адам, ауылдық елді – мекендерде 49593 адам тұрады.
2025 жылдың 1 мамырға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2025 жылдың 1 мамырға болжамдалған 3 млрд. 777 млн. 961 мың теңгенің орнына 4 млрд. 205 млн 616 мың. теңгеге немесе 111,3 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд 983 млн. 249 мың. теңгенің орнына 2 млрд. 655 млн. 141 мың теңге болып 133,9 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 мамырға жалпы
3 млрд. 777 млн. 961 мың теңгеге жоспарланды. 4 айдың қорытындысымен 3 млрд. 776 млн. 726 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2025 жылдың 4 айында 22 млрд. 728 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 122,3 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 18 млрд 854 млн. теңгеге жетіп, 141,1 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
16 млрд. 473 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 127,0 пайыз.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 571 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 241,8 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 17745 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,7 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 4 млрд 110 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайызды құрады.