Қауіпсіздік паспорты
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
облыс, қала, аудан атауы
Мазмұны
1-тарау Жалпы ақпарат
2-бөлім. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау тәуекелінің көрсеткіштері
1-тарау. Гидрологиялық қауіпті құбылыстар тәуекелінің көрсеткіштері
2-тарау Табиғи өрттердің туындау тәуекелінің көрсеткіштері
3-тарау. Геологиялық қауіпті құбылыстардың туындау тәуекелінің көрсеткіштері
4-тарау. Қауіпті геофизикалық құбылыстардың туындау тәуекелінің көрсеткіштері
5-тарау. Эпидемиялардың туындау тәуекелінің көрсеткіштері
6-тарау. Эпизоотиялардың, жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының туындау тәуекелінің көрсеткіштері
7-тарау. Ауыл шаруашылығы және басқа да өсімдіктердің аурулармен және зиянкестермен зақымдалу тәуекелінің көрсеткіштері
8-тарау. Атмосфералық құрғақшылық, топырақ құрғақшылығы және құрғақшылық қаупінің көрсеткіштері
3-бөлім. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау тәуекелінің көрсеткіштері
1-тарау. Көлік авариялары тәуекелінің көрсеткіштері
2-тарау. Күшті әсер ететін улы заттардың сыртқа шығуынан болатын авариялардың туындау тәуекелінің көрсеткіштері
3-тарау. Радиациялық қауіпті объектілерде төтенше жағдайлардың туындау тәуекелінің көрсеткіштері
4-тарау. Жарылыс-өрт қауіпті объектілерде өрттердің (жарылыстардың) пайда болу тәуекелінің көрсеткіштері
5-тарау. Газ, мұнай өнімі құбырларында авариялар туындау тәуекелі
6-тарау. Жылу беру кезеңінде жылу желілерінде авариялардың туындау тәуекелінің көрсеткіштері
1-бөлім
Жалпы ақпарат (сипаттама)
1-кесте
Қауіпсіздік паспортының жалпы сипаттамасы
|
Орналасуы; ауданы (км2); шектес мемлекеттермен шекарасы бар ма, олардың жалпы ұзындығы (км);
аудандардың, қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың (селолардың) саны; жалпы халық саны: соның ішінде ерлер, әйелдер, балалар; бірінші мүгедектік тобы бар адамдар; екінші мүгедектік тобы бар адамдар; халық тығыздығы. |
Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Шиелі ауданының жер көлемі 32,4 мың км.кв Шығысында және оңтүстік-шығысында Жаңақорған ауданы, батысында Қызылорда қаласымен шектеседі. Аудан Тұран ойпаты, азият шөлдала белдеуі, Сырдария өзені төменгі ағысының жағасында орналасқан. Батысында – Қызылорда қаласы орналасқан. Оңтүстігінде – Қызылқұм шөлдаласының солтүстік бөлігі. Жер бедері тегіс, оның негізгі бөлігі Сырдария өзен құярлығының жазығындай. Жазықтың абсолюттік белгісі 200 метрден оңтүстік-шығысында 53 метрге дейін жетеді. Аудан шығысына Тянь-Шань тау жүйесіне қарасты оңтүстік-батыс Қаратау жотасының батыс бөктерінің аяғы кіреді. Бөктердің абсолюттік белгісі 400-600 метр шамасында, ең жоғары биіктігі – 1 418 метр. Таулы қыраттардың биіктігі 300-400 метрден аспайды. Жіңішке аңғарлар мен кішкентай жылғалар, бұлақтар тау бөктерінде жерге сіңіп кетеді.
Шиелі ауданы – 1 кентті, 22 ауылдық округтерден тұрады. Орталығы – Шиелі кенті. Шиелі ауданы халқының саны – 86 102 адам; 44 140 адам; 41 962 адам; 29364 (ұл – қыз) 230 725 2.7 |
|
Жер бедерінің, топырақтың сипаттамасы |
- |
|
Аумақтың сипаттамалық белгілері; жылдың белгілі бір уақытында аумақтың жай-күйі және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыштығының қысқаша сипаттамасы. |
Аудан климаты жедел континенталды: құрғақ, ыстық жаз және суық, қары аз қыс. Ауданда ауа райының ортажылдық температурасы 8-130 жылы. Жылдың жылы уақыты 20-25 наурыз бен 8-15 қараша аралығында жалғасады. Ең суық ай – қаңтар, ыстық ай – шілде болып табылады. Ауа – райының ең төменгі температурасы -300-қа дейін төмендеуі және +450-қа дейін көтерілуі мүмкін. Ортажылдық жазғы температура 25-300 жылы, қысқы температура 10-150 аяз. Көп кезде жел солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін соғады. Ортажылдық желдің жылдамдығы секундына 3-4 метрді құрайды. Аудан аумағында секундына 10-20 метрге дейін жететін қатты жел тұруы мүмкін. Ортажылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 мм құрайды. Құрғақ жылдары жауын-шашын 30-60 мм, ылғалды жылдары 200-213 мм болуы мүмкін. Өзенде мұздың тұру уақыты желтоқсан айы, өзеннің мұздан тазалану уақыты – наурыз айы. Қардың жататын уақыты 40-50 күн. Қыс айларында автомобиль және темір жолдарды қар басып қалуы мүмкін. Аудан аумағында қар басуы мүмкін автомобиль жолдарының 1 учаскесі бар. Шиелі ауданы, Қосүйеңкі елді мекені сыртындағы Қаратау беткейіндегі жергілікті маңыздағы «Шиелі – Тайқоңыр» тас жолының 30 – 60 шақырымы аралығындағы Сауысқандық асуы қардың мол жаууынан және күшті желдің әсерінен автокөлік кептелістері болатын аймақ болып есептеледі. Қыс айларында электр желілеріне мұз қатуы және олардың үзілуінің әсерінен орталықтандырылған электр энергиясын беруді тоқтатумен, газбен жабдықтау жүйесіндегі авариялармен байланысты төтенше жағдайлардың орын алуы мүмкін, жерге мұздақ қатуының негізінде жұт көрінісі пайда болуы мүмкін. Қыс айларында электр желілеріне мұз қатуы және олардың үзілуінің салдарынан орталықтандырылған электр энергиясын беруді тоқтатумен, жылу жүйесіндегі авариялармен байланысты төтенше жағдайлардың орын алуы мүмкін, жерге мұздақ қатуының негізінде жұт көрінісі пайда болуы мүмкін. |