2025 жылғы 27 сәуірде өткізілген Жөлек ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2025 жылғы 27 сәуірде өткізілген Жөлек ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

         2025 жылғы 27 сәуірде Шиелі ауданының Жөлек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         Жөлек ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №275 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Жөлек ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

          Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1045 адам енгізілген.

         Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны  767 адам.

         Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 16 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.

         Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен: 

         Кандидат Әлиев Олжас Мәделханұлы үшін – 51 дауыс, кандидат Жолдасбеков Меирбек үшін – 673 дауыс, кандидат Қойшыбаев Хамид Әбілқасымұлы үшін – 43 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 0 дауыс берілді.  

         Дауыс беру қорытындысымен Жолдасбеков Меирбек Шиелі ауданы, Жөлек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

            Жолдасбеков Меирбек 1979 жылы туған, ұлты қазақ, «Жөлек ауылдық округі аппараты» КММ, әкім, Шиелі ауданы, Жөлек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

                  Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Ақпарат
Дата публикации
28 апреля 2025