Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1 және 2 тармақшаларына сәйкес, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №АСК-25/16 қаулысымен Ортақшыл, Жаңатұрмыс ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалды.
Бекітілген Ортақшыл, Жаңатұрмыс ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 24 сәуірден басталады және 2025 жылғы
6 мамыр сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 11 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Ы.Жақаев көшесі, №1, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының ғимараты, байланыс телефоны: 4-10-61, электронды поштасы tic_kzl_shl@saylau.kz.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – төраға орынбасары, Оспанов Елжан Әшімханұлы – хатшы, мүшелері: Төрехан Фарида Алиханқызы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы
№276 учаскелік сайлау комиссиясы: Ортақшыл ауылдық округі, Қызылқайың ауылы, Достық көшесі №20, №151 негізгі мектеп. Байланыс тел: 5-23-21. Электронды поштасы: USK_276@mail.kz.
Комиссия құрамы: Калтаев Ергешбай Калжанович – төраға, Күлекеев Қуаныш Әбдікәрімұлы – төрағаның орынбасары, Турганбаева Асемкул Толеповна – хатшы, комиссия мүшелері: Тымбаулиев Құрмаш Қаппарұлы, Үсенбаев Бекболат Қабылбайұлы.
№277 учаскелік сайлау комиссиясы: Ортақшыл ауылдық округі, Ортақшыл ауылы, С.Сейфуллин көшесі №2, №150 орта мектеп. Байланыс тел: 5-03-47. Электронды поштасы: USK_277@mail.kz.
Комиссия құрамы: Жағыпар Шора Саламатұлы – төраға, Саулахова Кенжайм Балтабаевна – төрағаның орынбасары, Ауланбергенов Даурен Әбдіғаниұлы – хатшы, комиссия мүшелері: Нысанбаев Галымжан Талгатович, Ибраева Сафура Болатовна.
№280 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Жаңатұрмыс ауылдық округі, Байсын ауылы, С.Асанов көшесі №2, №207 орта мектеп ғимараты, телефоны: 5-04-77, эл почта: USK_280@mail.kz.
Комиссия құрамы: Бакирова Светлана Кенесовна – төраға, Тасмағанбет Аида Қойшыбайқызы – төраға орынбасары, Кайбуллаева Балганым Байжановна – хатшы, мүшелері: Әлсүгіров Рахымжан Бейсенбайұлы, Сейтенова Қарлығаш Балтабаевна.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы