Ортақшыл, Жаңатұрмыс ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы 

Ортақшыл, Жаңатұрмыс ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) және 2) тармақшалары негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі ауданының Жаңатұрмыс, Ортақшыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалсын.
  2. Шиелі ауданының Ортақшыл, Жаңатұрмыс ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Өскен өңір» газетіне жариялансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                               М.Дулатов         

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                              Е.Оспанов

 

 

АСК-25/16

23.04.2025 ж.

Шешім
Дата публикации
23 апреля 2025