Шиелі ауданында жастар саясатын дамыту бойынша
АНЫҚТАМА
Жалпы статистикалық мәлімет бойынша
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша 14 пен 35 жас аралығында жастар саны – 27 545. Оның ішінде, кент жастары –11 383 (41,3%),ауыл жастары – 16 162 (58,7%).Ер азаматтар – 14 568, әйел – 12 977, 14-17 жастағылар – 3 673, 18-34 жастағылар – 23 872. Жастар аудан халқының 30,2 пайызын құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайыз.
Жастар ресурстық орталығы
Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қызметкерлерінің штат бірлігі – 7.
Оның ішінде тікелей жастар саясатымен жұмыс жасайтын мамандар саны – 6. Есепші – 1.
Кент және ауылдық округтердегі 23 маманның 13-і бас маман, 8-і жетекші маман, 2 маман әдіскер.
Қаржыландырылуы
2025 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 46 млн 498 мың теңге бөлінді.
Оның ішінде: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар саясатын дамыту мақсатында 9 млн 250 мың теңге қаржы бөлінді.
Атап айтқанда:
- «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік жобасы – 3 млн 250 теңге;
- «Жас отбасылар арасында неке құндылықтарын насихаттау» бағытында шараларды ұйымдастыру –2 млн 500 мың;
- «Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметін ұйымдастыру –3 млн 500 теңге.
Ұйымдастырылған іс-шаралар
Шиелі ауданы бойынша, 2025 жылы 9 айда жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу мақсатына – 92 шара, мәдени шара – 24, кеңес беру акциялары – 26, құқықбұзушылықтың алдын алу – 17, басқалары – 25 ұйымдастырылды. Оған – 1678-ге жуық жас қатысты.
Жастар ресурстық орталығына жүгінген 167 жасқа құқықтық – 32, әлеуметтік – 49, психологиялық консультациялық – 36, басқалары – 50 кеңес берілді.
Құқықбұзушылық туралы
Құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында 2025 жылы қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, ҮЕҰ-нің мүшелері, жергілікті полиция тобымен түнгі уақытта аудан орталығындағы жастар көп шоғырланатын орындарда, орталық алаңда, букмекерлік орталықтар, түнгі клубтар мен ойын-сауық орталықтарында 76 түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Пробация бойынша
Аудан бойынша 2025 жылы 14-35 жас аралығындағы жастар қатарынан аудандық пробациялық бақылау қызметі бөлімінің есебінде 35 азамат тіркелген
NEET санатындағы жастар туралы
Ағымдағы жылдың 2 қыркүйек айында «Отбасының цифрлық картасында» жүйесінде анықталған соңғы тізім бойынша Шиелі ауданында 1718 жас. Қазіргі таңда адрестік жұмыстар жүруде.
Жыл басынан бері атқарылған мемлеметтік жобалар және іс шаралар
- «15 мамыр – Халықаралық отбасы» күніне орай, жаңа босанған жас аналарға перзентханаға барып аудан әкімінің құттықтауын жеткізді;
- Руханият орталығының мәжіліс залында «Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау әлеуметтік қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі «Ел қорғаны-ер азамат» тақырыбында әскерге барып келген жас сарбаздарды аудан жастарына насихаттау, әскери өмірге ынталандыру, қызығушылығын арттыру, мақсатында патриоттық шара өткізілді;
- Руханият орталығында 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні қарсаңында, мемлекеттік жастар саясатының Шиелі ауданында орындалуына үлес қосып жүрген әр түрлі саладағы 20 аудан жастары марапатталды. Рәміздер алаңында Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуге арналған іс шара өттіп, аталған шара автошерумен жалғасты;
- Еліміздегі тарихи маңызы бар орындарға аудандағы жас отбасылар мен жастарының қатысуымен, ескі Сауран қаласы және Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне танымдық экскурсия жасалды;
- 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің алаңында «Спорт – жан серігің» тақырыбында эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар қол күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру сынды ұлттық және күштік ойын түрлері өткізілді;
- «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыс жасауда. Жасыл елдің алғашқы легі маусым айында басталып, тынымсыз еңбектенуде. Қазіргі уақытта Шиелі кентінің көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілуде.
- 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Шиелі ауданының тұрғындары мен ерікті жастар Қаратау жотасындағы Сауысқандық шатқалына арнайы барып, өзен бойында сенбілік ұйымдастырылды;
- 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Шиелі ауданының тұрғындары мен ерікті жастардың қатысуымен Бәйгеқұм ауылдық округіндегі "Ханқожа" көлі маңында тазалық акциясы ұйымдастырылды;
- Тарихи және рухани мәні зор мекенде — Бала Сауысқандық баурайында — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көкке көтеріліп, Әнұран шырқалды;
- Үндістанның Дели қаласында өткен белбеу күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Шиелі ауданының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің абыройын асқақтатты, Азия чемпионаты жеңімпаздары салтанатты түрде қарсы алынды.
- Руханият орталығының мәжіліс залында «Ел қорғаны-ер азамат» тақырыбында әскерге барып келген жас сарбаздарды аудан жастарына насихаттау, әскери өмірге ынталандыру, қызығушылығын арттыру, мақсатында патриоттық шара өткізілді;
- Жастарды патриотизмге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Ауған, Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерімен колледжі студенттері арасында кездесу жиыны өткізілді;
- «Ерлікке тағзым» акциясы аясында «Біз жеңістің ізбасарларымыз» тақырыбында Көкшоқы ықшам ауданында "Тағзым" алаңында тазалық акциясы ұйымдастырылды.
- Еліміздегі этносаралық татулық пен бірлікті насихаттау, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі туралы түсінік беру, жастардың бойында патриотизм құндылықтарын қалыптастыру бағытында"ҚАЗАҚСТАН ДОСТЫҚ МЕКЕНІ" атты дөңгелек үстел өткізілді;
- 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай “Руханият” орталығының алдында «Кітап – тарих. Шежіре» атты кітап фестивалі өткізілді;
- Көкшоқы ықшам ауданында Шиелі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен колледж студенттері және жоғарғы сынып оқушылары арасында "Жас құтқарушы-2025" сайысы өткізілді;
- Аудан әкімі мен аудан Прокурорының бастамасымен Шиелі ауданы бойынша білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында бірлескен түсіндірме жұмыстарын жүргізу іс-шара жоспарына сәйкес Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөліміні қарасты барлық мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
- Таза Қазақстан акциясы аясында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру мен оны қорғау маңызды. Осы акцияның аясында Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, №127 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің оқушылары, Шиелі ауданының оқушылар үйі мен Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді;
- Нашақорлық ғасыр дерті тақырыбында дөңгелек үстел аясында қәзіргі қоғамдағы жастар арасындағы белең алып тұрған нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегу, лудомания тағы басқада мәселелердің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді;
- «Мектепке жол» акциясы аясында жаңа оқу жылына дайындалып жатқан оқушыларға қолдау көрсетілді.
- «18 тамыз - Шекарашылар күні» мерекесі қарсаңында ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерін марапаттау мақсатында мәдени шара өткізілді.
- 12 тамыз – Халықаралық Жастар күніне орай, М. Шоқай атындағы орталық алаңда аудан жастарына арналған мерекелік концерт өтті.
- Бүгін «Руханият» орталығында мемлекеттік тіліміздің қадір-қасиетін дәріптеу және оны сауатты дұрыс қолдану мақсатында «Тіл - еліміздің тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
- 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Шиелі ауданының барлық елді мекендерінде «Жастар – туған жердің тірегі!» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
- 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай “Taza Qazaqstan” акциясы аясында «Жастар – табиғат жанашыры» атты сенбілік ұйымдастырылды.
- 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Арман мәдениет үйінде «Кино – ұрпақ үні» атты кино кеші ұйымдастырылды.
- 12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды
- 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай М.Шоқай атындағы орталық алаңындағы «Достық аллеясында» жастарға арналған кеңес беру акциясы ұйымдастырылды.
- ШИЕЛІ МАРАФОН – 2025 аудан жастары арасында марафоны өткізілді.
- КӨШБАСШЫ ОҚУШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ - мектеп оқушылары арасында білім, спорт, мәдениет салалары бойынша жетістікке жеткен көшбасшы оқушылармен кездесу жиыны өтті.
- 12 қыркүйек - Жергілікті әскери басқару органдарының мерекелік күніне орай, көпшілік мәдени салтанатты шара өтті.
- "Taza Qazaqstan" акциясы аясындағы экологиялық іс-шара өткізілді.
Аудандағы волонтерлық ұйым
Шиелі ауданы бойынша волонтерлық ұйым ресми тобы тіркелмеген. Ресми емес еріктілер тобы жастар жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіп, ауданның тазалық акцияларына тұрақты қатысып келеді. Ерікті, белсенді жастар қатарында«AMANAT»партиясы «Жастар Рухы» Шиелі аудандық бөлімшесінің жетекшісі.Қали Азамат Берікбайұлы жетекшілік жасап келеді.
Жетістіктері: «Үздік волонтер-2022», «Үздік жылдың жастар
көшбасшысы-2023» номинациясының жеңімпазы.
ShieliBiz Birgemiz қайырымдылық қоры, Шиелі ауданы бойынша мүгедектерге, қарттарға, тұрмысы төмен отбасыларға материалдық және арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен айналысады. Жетекшісі – Рысбек Жасұлан Сейітжаппарұлы Құрамында 30 ерікті жас бар.
БАҚ-мен әлеуметтік желілер
Фейзбук әлеуметтік желісіндегі посттар саны – 345
Инстаграм әлеуметтік желісіндегі посттар саны –202
Тик ток әлеуметтік желісіндегі посттар саны –125
БАҚ-та саны –25
Барлығы – 697