Аудан әкімі А. Жандарбековтың төрағалығымен өткен жиналыстың хаттамасы

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің

ХАТТАМАСЫ

 

Шиелі кенті                                                                                               2025 жылғы 15 сәуір

                                                                                                                                сағат: 11-30

 

Төрағалық еткен:

                                                 Аудан әкімі - А. Жандарбеков

Қатысқандар:

Аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім,

мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері

 

 

І. 2025 жылғы өртке қарсы маусымға дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

(А. Жандарбеков, Б. Сағындықов, Н. Беркімбаев, М. Әшірбеков,

Е. Райымбек к/б, Ж. Әлиев к/б, кент және ауылдық округ әкімдері)

 

1.1. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі (М.Әшірбеков), Кент және ауылдық округ әкімдері:

         1) Аудан көлемінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде тоғайлы алқаптарда өртті болдырмаудың және өрттің алдын алу бағытында шаруашылық басшыларымен бірге егіс даласын, жайылымдық, шабындық жерлерді өртеу кезінде қадағалаусыз қалдырмасын.
(мерзімі: тұрақты);

         2) Әрбір жеке қожалық, шаруашылық басшылары мен жеке азаматтар ауыл шаруашылығы жерлерінде бақыланбайтын аумақтарды өртеуге жол бермеу бойынша қосымша шаралар қабылдасын және орын алған жағдайда тиісті орындарға шұғыл түрде хабарласын. (мерзімі: тұрақты).

         1.2. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі (Е. Райымбек), Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі (Ж. Әлиев): Орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында тұрғындарға бірлескен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өртті дер кезінде сөндіру дағдыларын арттыру үшін ведомство аралық өрт тактикалық жаттығуды ұйымдастырсын.
(мерзімі: тұрақты).

         1.3. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі (Е. Райымбек), Аудандық қоғамдық даму бөлімі (К. Есенбаев), Кент және ауылдық округ әкімдері бірлесіп, Орман қоры алқаптарындағы және күнделікті тұрмыстағы өрттердің алдын алу бағытында бұқаралық ақпарат құралдары, билбордтар мен ЛЭД экрандар арқылы өрт қауіпсіздігі ережелері кеңінен насихатталсын. (мерзімі: тұрақты).

         1.4. Аудандық қоғамдық даму бөлімі (К. Есенбаев): Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына тұрғындардың көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық қалдықтарды өртеу барысында өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы туралы хабарламалар жарияласын. (мерзімі: тұрақты).

         1.5. Тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Б. Сағындықовқа жүктелсін.

 

ІІ. «Таза Қазақстан» экологиялық бастаманы орындау туралы

(А. Жандарбеков, Б. Сағындықов, Ғ. Аманжолов, дербес бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері)

 

2.1. Дербес бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері:

1) Барлық мемлекеттік мекемелердің ауласын көркейту-көгалдандыру және әкімшілік ғимараттарының сыртқы келбетін безендіру, қораларын сырлау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізсін. (Мерзімі: тұрақты);

2) «Таза Қазақстан экологиялық акциясы» аясында әр сенбі сайын белгіленген аумақтарда сенбілік жұмыстарын жүргізсін. (Мерзімі: тұрақты).

2.2. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Ғ. Аманжолов), дербес бөлім, мекеме басшылары, Кент және ауылдық округ әкімдері: бірлесіп, Кент орталығында көктемгі көркейту-көгалдандыру, ағаш егу жұмыстарын жүргізсін. (Мерзімі: 19.04.2025 жыл).

2.3. Кент және ауылдық округ әкімдері: «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» авто дәлізі бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды стандартқа сәйкестендіру, әрлеу, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, аялдама, автотұрақ сызбаларын сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізсін. (мерзімі: тұрақты).

2.4. Тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Б. Сағындықовқа жүктелсін.

 

ІІІ. Қосымша мәселелер

(А. Жандарбеков, Б. Сағындықов, Ғ. Аманжолов, Б. Муханов к/б, Д. Насибеков к/б,

кент және ауылдық округ әкімдері)

 

3.1. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ғ. Каримов), Аудандық полиция бөлімі (Б. Муханов к/б), Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі (Д. Насибеков к/б): Ауыл әкімдері, учаскелік полиция қызметкерлері, мектеп директорлары өздері жұмыс жасап жүрген елді-мекендерге ағымдағы жылдың 18 сәуіріне дейін көшіп баруын және тұрғылықты тұруы бойынша тиісті жұмыстар жүргізсін. (Мерзімі: 18.04.2025 жыл);

 

*****

 

3.2. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Ғ. Аманжолов), Кент және ауылдық округ әкімдері: Кент және ауыл ішкілік автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірлеу барысында Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен келісу арқылы жүргізсін. (мерзімі: тұрақты).

3.3. Аудандық полиция бөлімі (Б. Муханов к/б), Кент және ауылдық округ әкімдері: Егістік алқаптарына қатынайтын шаруашылық техникалар мен құжаты рәсімделмеген жеңіл автокөліктерге қадағалау жұмыстарын жүргізіп, жол қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін. (мерзімі: тұрақты).

3.4. Тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Б. Сағындықовқа жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                  А. Жандарбеков

Хаттама
Дата публикации
16 апреля 2025