Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 86 036 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36497 адам, ауылдық елді – мекендерде 49539 адам тұрады.
2025 жылдың 1 сәуірге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2025 жылдың 1 сәуірге болжамдалған 2 млрд. 193 млн. 942 мың теңгенің орнына 3 млрд. 5 млн 630 мың. теңгеге немесе 137,0 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд 81 млн. 553 мың. теңгенің орнына 2 млрд. 44 млн. 644 мың теңге болып 189,0 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 сәуірге жалпы
2 млрд. 220 млн. 238 мың теңгеге жоспарланды. 3 айдың қорытындысымен 2 млрд. 219 млн. 693 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 3 айында 15 млрд. 813 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 125,5 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 12 млрд 897 млн. теңгеге жетіп, 147,1 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
11 млрд. 954 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,5 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 646 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 165,8 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 15680 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 3 млрд. 313 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 2 млрд. 275 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 100,7 пайызды құрады.
2025 жылдың 1 сәуірге тірілей салмақта 1089,6 тонна ет, 2154,2 тонна сүт, 360,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 101,5 пайызға, сүт 100,0 пайызға, жұмыртқа 137,0 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2025 жылдың 1 сәуірге ірі қара 81336 басты, уақ мал 124459 басты, жылқы 25958 басты, түйе 1686 басты, құс 30096 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 117,8 уақ мал 111,4 жылқы 101,6 түйе 105,6 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2025 жылдың 1 сәуірге ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6282 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 100,2 пайызға артты. (жеке кәсіпкер-4001, шаруа қожалық-1726, заңды тұлға-555) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 6109-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,2 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 86 036. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.