2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

         2025 жылғы 13 сәуірде Шиелі ауданының Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         Бәйгеқұм ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №274 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Бәйгеқұм ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

          Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1259 адам енгізілген.

         Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны  967 адам.

         Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 2 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.

         Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен: 

         Кандидат Абжапбаров Даулет Сеиткалиевич үшін – 787 дауыс, кандидат Қадыров Нұржан Исабекұлы үшін – 119 дауыс, кандидат Үсенғазин Аралбай Наурызұлы үшін – 61 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 0 дауыс берілді.  

         Дауыс беру қорытындысымен Абжапбаров Даулет Сеиткалиевич Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

            Абжапбаров Даулет Сеиткалиевич 1988 жылы туған, ұлты қазақ, «Бәйгеқұм ауылдық округі аппараты» КММ, әкім, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

                  Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Ақпарат
Дата публикации
14 апреля 2025