2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Бәйгеқұм ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген

Бәйгеқұм ауылдық округі әкімін сайлаудың

қорытындысын анықтау және жариялау туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Бәйгеқұм ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №274 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Абжапбаров Даулет Сеиткалиевич Бәйгеқұм ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Бәйгеқұм ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

 

 

Шиелі аудандық

сайлау комиссиясының төрағасы                                           М.Дулатов          

 

Шиелі аудандық 

сайлау комиссиясының хатшысы                                          Е.Оспанов

 

АСК-25/12   

13.04.2025 ж.

Қаулы
Дата публикации
14 апреля 2025