Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама 2025 жылғы 01 наурызына дейінгі

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы анықтама

 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 86 088 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36559 адам, ауылдық елді – мекендерде 49529 адам тұрады.

2025 жылдың 1 наурызға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2025 жылдың 1 наурызға болжамдалған                           1 млрд 398 млн.  224 мың теңгенің орнына 2 млрд 55 млн 366  мың. теңгеге немесе 147 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған  что составило 127,7 % к сопоставимой цене за аналогичный период 2024 года.

2237,1  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті 2025 жылдың 1 наурызға жалпы
 1 млрд 398 млн. 224 мың теңгеге жоспарланды. 2 айдың қорытындысымен                      1 млрд 398 млн. 12 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2025 жылдың 2 айында 9 млрд. 596 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 127,7  пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 7 млрд 730 млн. теңгеге жетіп, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 150,8  пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
8 млрд. 820 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 98,5  пайызды құрады..

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 74 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  14,8 пайыз;

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 11117 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 1 млрд 906 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.

 

 

 

 

 

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 1 млрд. 505 млн. теңгенің өнімін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,4  пайызды  құрады.

2025 жылдың 1 наурызға тірілей салмақта 747,4 тонна ет, 1381,3 тонна сүт, 171,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,1 пайызға, сүт 102,1 пайызға, жұмыртқа 104,5 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

         2025 жылдың 1 наурызға ірі қара 79552 басты, уақ мал 118127 басты, жылқы 26693 басты, түйе 1526 басты, құс 30096 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 117,8 уақ мал 111,5, жылқы 107,0 түйе 100,7, құс 93,5 пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2025 жылдың 1 наурызға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6271 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 97,4 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4000, шаруа қожалық-1721, заңды тұлға-550) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  6095-і құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,2 %-ға жетті.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша халық саны 86 088. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.

Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.

Ақпарат
Дата публикации
07 апреля 2025