Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама 2025 жылғы 01 ақпанына дейінгі

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы анықтама

 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 86100 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36524 адам, ауылдық елді – мекендерде 49576 адам тұрады.

2025 жылдың 1 ақпанға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша: Жыл басында аудандық бюджет несиелерді қоса есептегенде  12 млрд 955 млн  теңге көлемінде бекітілді. Оның ішінде, аудандық бюджеттің өз кірісі   4 млрд 442 млн теңге.

Аудандық бюджеттің кірісі 2025 жылдың 1 ақпанға болжамдалған                      540 млн. 26 мың теңгенің орнына 778 млн. 347 мың. теңгеге немесе 144,1 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 239 млн. 414 мың. теңгенің орнына 477 млн. 735 мың теңге болып 199,5  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті 2025 жылдың 1 ақпанға жалпы 540 млн. 26 мың теңгеге жоспарланып, қаңтар айының қорытындысымен 539 млн. 668 мың теңгеге немесе
99,9 пайызға орындалды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2025 жылдың 1 айында 4 млрд. 107 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 126,8  пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 3 млрд 146 млн. теңгеге жетіп, 143,1 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
1 млрд. 869 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 63,6 пайыз.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 56 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 816,3 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 5531 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,6 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 835 млн 600 мың теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,6 пайызды құрады.

 

 

 

 

 

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 779 млн. 200 мың теңгенің өнімін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 104,5  пайызды  құрады.

2025 жылдың 1 ақпанға тірілей салмақта 468,0 тонна ет, 685,5 тонна сүт, 77,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 103,2 пайызға, сүт 105,0 пайызға, жұмыртқа 103,9 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

         2025 жылдың 1 ақпанға ірі қара 81606 басты, уақ мал 119583 басты, жылқы 25998 басты, түйе 1615 басты, құс 32396 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 121,7 уақ мал 112,4, жылқы 98,7 түйе 101,6, құс 86,1 пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2025 жылдың 1 ақпанға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6327 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 95,3 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4035, шаруа қожалық-1735, заңды тұлға-557) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  6140-і құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,0 %-ға жетті.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша халық саны 86 100. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.

Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.

Информация
Дата публикации
07 апреля 2025