2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған

Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округі

әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға

арналған қол қою парақтары туралы

           

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы №АСК-24/123 «Жөлек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жөлек ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 11 қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                          М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Е.Оспанов

 

 

 

АСК-25/07

03.04.2025 ж.

 

 

 

 

 

Шешім
Дата публикации
04 апреля 2025