2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Шиелі ауданының Жөлек ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Шиелі ауданының Жөлек ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі №02-10/520 санды хатының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Шиелі ауданының Бәйгеқұм ауылдық округі әкіміне кандидаттар Әлиев Олжас Мәделханұлы, Жолдасбеков Меирбек, Қойшыбаев Хамид Әбілқасымұлы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген талаптарға сәйкес деп белгіленсін.
  2. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                          М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Е.Оспанов

 

 

АСК-25/05

02.04.2025 ж.

 

 

 

Шешім
Дата публикации
04 апреля 2025