№274 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауын уақытша тоқтата тұру және уақытша тағайындау туралы

№274 учаскелік сайлау комиссиясы

мүшесінің міндеттерін орындауын уақытша
тоқтата тұру және уақытша тағайындау туралы

            

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының   20-бабы 12) тармағы 2-бөлігіне сәйкес №274 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін атқаруды тоқтата тұруға және уақытша тағайындауға байланысты Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. №274 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Алмагамбетова Орынкуль Асылбековна комиссия мүшесі міндеттерін сайлау науқаны кезеңінде уақытша орындауын тоқтата тұрсын.
  2. №274 учаскелік сайлау комиссиясының сайлау науқаны кезеңінде уақытша міндеттерінен босатылған комиссия мүшенің орнына Әбдірахманова Жазира Мейрамханқызы уақытша комиссия мүшесі болып тағайындалсын.
  3. Осы қаулы №274 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       М. Дулатов

 

          Шиелі аудандық сайлау

          комиссиясының хатшысы                                           Е.Оспанов

 

 

АСК-25/01

23.03.2025 ж.

Шешім
Дата публикации
01 апреля 2025