2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Бәйгеқұм ауылдық округінің әкіміне

кандидаттарды тіркеу туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                                             
         1. Өзін өзі ұсынған Үсенғазин Аралбай Наурызұлы, Қадыров Нұржан Исабекұлы Бәйгеқұм ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.                                                            
         2. «AMANAT» партиясы ұсынған Абжапбаров Даулет Сеиткалиевич Бәйгеқұм ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.      

  1. Кандидаттарға тиісті куәліктер берілсін.
             4. Кандидаттардың тіркелгені туралы ақпарат аудандық «Шарайна Сейхун» газетінде жариялансын және осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       М. Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                          Е.Оспанов

 

 

 

АСК-24/128

23.03.2025 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешім
Дата публикации
23 марта 2025