Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы №АСК-24/123 қаулысымен Жөлек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалды.
Бекітілген Жөлек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 20 наурызда басталады және 2024 жылғы 1 сәуір сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 6 сәуір сағат 18.00-де аяқталады.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Ы.Жақаев көшесі, №1, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының ғимараты, байланыс телефоны: 4-10-61, электронды поштасы tic_kzl_shl@saylau.kz.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – төраға орынбасары, Оспанов Елжан Әшімханұлы – хатшы, мүшелері: Кенжесариев Серик Кадрияевич, Төрехан Фарида Алиханқызы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы
№275 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жөлек ауылдық округі, Жөлек ауылы, Қожабеков к-сі №55, мәдениет үйі. Байланыс тел: 22-2-32. Электронды поштасы: USK_275@mail.kz.
Комиссия құрамы: Досанов Азимхан Исаханұлы – төраға, Төлегенова Бибігүл Ералықызы – төраға орынбасары, Серикбаева Жулдыз Жакипбековна – хатшы. Комиссия мүшелері: Маликов Асыл Әлібекұлы, Туребаева Марина Айтбаевна, Жумадильдаев Ердос Оралович, Рахметов Еркінбек Қобланбекұлы
Аудандық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы