Құрметті сайт оқырмандары!
Шиелі ауданының 2025-2027 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
Сіздердің назарларыңызға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпараттан тұратын Шиелі ауданының 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.
Шиелі ауданының «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 28 ақпандағы кезектен тыс сессиясының №26/2 шешімімен бекітілді.
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Аудан бюджетінің негізгі параметрлері;
Аудан бюджетінің түсімдері;
Аудан бюджетінің шығыстары.
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 86 088 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36559 адам, ауылдық елді – мекендерде 49529 адам тұрады.
2025 жылдың 1 наурызға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2025 жылдың 1 наурызға болжамдалған 1 млрд 398 млн. 224 мың теңгенің орнына 2 млрд 55 млн 366 мың. теңгеге немесе 147 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған что составило 127,7 % к сопоставимой цене за аналогичный период 2024 года.
2237,1 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті 2025 жылдың 1 наурызға жалпы 1 млрд 398 млн. 224 мың теңгеге жоспарланды. 2 айдың қорытындысымен 1 млрд 398 млн. 12 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2025 жылдың 2 айында 9 млрд. 596 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 127,7 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 7 млрд 730 млн. теңгеге жетіп, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 150,8 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі8 млрд. 820 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 98,5 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 74 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,8 пайыз;
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 11117 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 1 млрд 906 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 1 млрд. 505 млн. теңгенің өнімін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда
101,4 пайызды құрады.
2025 жылдың 1 наурызға тірілей салмақта 747,4 тонна ет, 1381,3 тонна сүт,
171,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,1 пайызға, сүт 102,1 пайызға, жұмыртқа 104,5 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2025 жылдың 1 наурызға ірі қара 79552 басты, уақ мал 118127 басты, жылқы 26693 басты, түйе 1526 басты, құс 30096 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 117,8 уақ мал 111,5, жылқы 107,0 түйе 100,7, құс 93,5 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2025 жылдың 1 наурызға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6271 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 97,4 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4000, шаруа қожалық-1721, заңды тұлға-550) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 6095-і құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі
97,2 %-ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 86 088. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер
17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.
|
Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі |
|||||
|
р/н |
Атауы |
2024 жыл 1 наурызға |
2025 жыл 1 наурызға |
% |
|
|
I |
Өнеркәсіп өнімін өндіру, млн. теңге (нақты көлем индексімен) |
7401,0 |
9596,2 |
127,7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өңдеуші өнеркәсібі, млн. теңге |
3852,0 |
7730,5 |
150,8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
II |
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, млн.теңге |
2022,0 |
1505,1 |
101,4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мал шаруашылығы, мал саны (бас) |
|
|
|
|
|
2.1 |
Ірі қара мал |
67506 |
79552 |
117,8 |
|
|
2.2 |
Қой-ешкі |
105936 |
118127 |
111,5 |
|
|
2.3 |
Жылқы |
24943 |
26693 |
107,0 |
|
|
2.4 |
Түйе |
1516 |
1526 |
100,7 |
|
|
2.5 |
Құс |
32192 |
30096 |
93,5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мал шаруашылығы, мал өнімі |
|
|
|
|
|
3.1 |
Ет (тірілей салмағымен), тн |
732,3 |
747,4 |
102,1 |
|
|
3.2 |
Сүт, тн |
1352,3 |
1381,3 |
102,1 |
|
|
3.3 |
Жұмыртқа, мың дана |
163,8 |
171,1 |
104,5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
III |
Құрылыс, инвестиция |
|
|
|
|
|
1. |
Жеке тұрғын үй құрылысы,жалпы ауданы, шаршы метр |
8824,0 |
11117,0 |
126,0 |
|
|
2. |
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі, млн теңге |
492,0 |
74,0 |
14,8 |
|
|
3. |
Негізгі капиталға салынған инвестиция, млн теңге |
8680,0 |
8820,0 |
98,5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
IV |
Бөлшек сауда көлемі, млн. теңге |
1754,9 |
1906,2 |
100,2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
V |
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліқ субьектілерінің саны, барлығы (статистикалық мәліметпен): |
6439 |
6271 |
97,4 |
|
|
1. |
заңды тұлға |
556 |
550 |
98,9 |
|
|
2. |
шаруа кожалықтары |
1890 |
1721 |
91,1 |
|
|
3. |
жеке кәсіпкерлер |
3993 |
4000 |
100,2 |
|
|
4. |
жұмыс істейтін адам саны |
9200 |
9250 |
100,5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VI |
Жұмыспен қамту |
|
|
|
|
|
1. |
хабарласқандар саны |
2071 |
1960 |
94,6 |
|
|
2. |
қоғамдық жұмысқа жолдама алғандар, саны |
760 |
534 |
70,3 |
|
|
3. |
жұмысқа орналасқандар, саны |
130 |
111 |
85,4 |
|
|
4. |
жұмыссыздар саны |
1807 |
1833 |
101,4 |
|
|
5. |
жұмыссыздық деңгейі, пайыз |
5,0 |
5,0 |
100,0 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VII |
Бюджет |
болжам |
нақты |
|
|
|
1. |
Жергілікті бюджет кірісі, мың теңге |
1398224,0 |
2055365,7 |
147,0 |
|
|
2. |
Оның ішінде: өз кірістері, мың теңге |
613269,6 |
1454081,7 |
237,1 |
|
|
3. |
Жергілікті бюджет шығысы, мың теңге |
1398224,0 |
1398012,0 |
100,0 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2025-2027 жылдарға арналған Шиелі ауданы бюджетінің негізгі параметрлері
Мың теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
|
болжам |
болжам |
|
|
Түсімдер оның ішінде: |
12524317 |
13401019 |
14339091 |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
4442110 |
4753058 |
5085772 |
|
Салықтық түсімдер |
4397713 |
4705553 |
5034942 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
17404 |
18622 |
19926 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
26993 |
28883 |
30904 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
8082207 |
8647961 |
9253319 |
|
Субвенция |
4657019 |
4983010 |
5331821 |
|
Жоғарғы бюджеттен нысаналы трансферттер түсімдері |
3425188 |
3664951 |
3921498 |
|
|
|||
|
Шығыстар |
12524317 |
13401019 |
14339091 |
|
оның ішінде: |
|||
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
1658583 |
1774684 |
1898912 |
|
Қорғаныс |
13011 |
13922 |
14896 |
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
35005 |
37455 |
40077 |
|
Бiлiм беру |
0 |
0 |
0 |
|
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету |
2320922 |
2483387 |
2657224 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
549118 |
587556 |
628685 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
2002567 |
2142747 |
2292739 |
|
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану |
85458 |
91440 |
97841 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
1143181 |
1223204 |
1308828 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
90514 |
96850 |
103629 |
|
Көлiк және коммуникация |
1680769 |
1798423 |
1924312 |
|
Басқалар |
1359854 |
1455044 |
1556897 |
|
Борышқа қызмет көрсету |
125439 |
134220 |
143615 |
|
Трансферттер |
1459896 |
1562089 |
1671435 |
«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесілер құрылды:
Жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 (2024 жылы - 85 000) теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 32 360 (2024 жылы - 28 215) теңге;
Зейнетақының ең төмен мөлшері – 62 771 (2024 жылы - 57 853) теңге;
айлық есептік көрсеткіш – 3 932 (2024 жылы – 3 692) теңге мөлшерінде;
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 46 228 (2024 жылы - 43 407) теңге.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және ауданның деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары
2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне, «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына, «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №63 шешіміне сәйкес, 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданның бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, облыс халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы №26/2 шешімімен бекітілді.
Түсімдері
2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа және да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық бюджетке өзгерістер енгізілді.
2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.
2025 жылға – 4 442 110 мың теңге;
2026 жылға – 4 664 215мың теңге;
2027 жылға – 4 897 428 мың теңге.
Аудандық бюджеттің салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.
Алдағы үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттің облыстық бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттелуде, оның ішінде:
облыстық бюджетпен:
101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;
101.202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша толығымен аудандық бюджетке 100 пайыз;
103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке
50 пайыз.
Сонымен бірге республикалық бюджет қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердегі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілген бюджеттік кредиттер бойынша 157 280 мың теңге қаралды.
Бюджеттік кредиттерді өтеу санаты бойынша 2025 жылға заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен республикалық бюджеттің қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттердің өтеуі 273 541мың теңге көлемінде белгіленді.