2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Шиелі ауданының Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы

№АСК-24/118 қаулысымен бекітілген

2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Шиелі ауданының

Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары 

1. Шиелі ауданының Бәйгеқұм ауылдық округі шекарасында аталған ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде аумақтық сайлау округін құру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 5 наурыз

(14-б. 6) т., 21-б. 4-т.)

 

2. Шиелі ауданының Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімдер) сайлауын тағайындау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 5 наурыз                                                          (113-1-б.1-т.1) тт.)

 

3. Құрылған сайлау округі туралы ақпаратты, олардың шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

 

4. Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

5. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 20 наурыздан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

6. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шиелі ауданының әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы  20 наурыздан  кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

7. Әкім болуға кандидаттар ұсыну (әрі қарай - Кандидаттар)

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2025 жылғы 6 наурызда басталады және 2025 жылғы 18 наурызда сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.)

 

8. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-2-б.)

 

 

9. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

10. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

 

11. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудадық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.,9-т.)

 

 

12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күні шінде

(113-5-б. 3-т.)

 

 

15. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

Тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 23 наурызда сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

16. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

 

19. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Шиелі ауданының әкімдігі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 23 наурызға дейін

(24-б. 5-т.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 28 наурыздан бастап

(26-б. 1-т.)

 

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 3 сәуірге  дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2025 жылғы 10 сәуірден ерте емес және 12 сәуірден кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

 

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссияы

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

 

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                  

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

 

28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссияға ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  –дереу

(113-8-б. 1-т.)

29. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей

(113-10-б.)

 

30. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей

(44-б.)

 

31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініштерін алғаннан кейін

2025 жылғы 19 сәуірден

  кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
05 марта 2025