Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №АСК-24/117 қаулысымен Бәйгеқұм ауылдық округі шекарасында Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №АСК-24/118 қаулысымен Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалды.
Бекітілген Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 6 наурызда басталады және 2024 жылғы 18 наурыз сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 23 наурыз сағат 18.00-де аяқталады.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Ы.Жақаев көшесі, №1, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының ғимараты, байланыс телефоны: 4-10-61, электронды поштасы tic_kzl_shl@saylau.kz.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – төраға орынбасары, Оспанов Елжан Әшімханұлы – хатшы, мүшелері: Төрехан Фарида Алиханқызы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы
№274 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Бәйгеқұм ауылдық округі, Бәйгеқұм ауылы, Абай к-сі №26, клуб үйі. Байланыс тел: 21-1-88. Электронды поштасы: USK_274@mail.kz.
Комиссия құрамы: Онгаров Ерали Избасарович – төраға, Мұсабаев Мұрат Егізбайұлы - төраға орынбасары, Суатбаева Сара Жұмабекқызы – хатшы. Комиссия мүшелері: Бекбаулиев Ясин Мәденұлы, Алмаганбетова Орынкуль Асылбековна, Адильбекова Назыгуль Контаевна, Есимов Еркин Есенгельдиевич
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы
Аудандық сайлау комиссиясының
жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00
Шиелі аудандық
сайлау комиссиясы