Жария сервитут белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 71-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Aral Resources Ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Шиелі ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі -14 356,0 гектар жер учаскесіне
2030 жылдың 22 тамызына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
- «Aral Resources Ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.
- «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Жандарбеков