Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2024 жылға анықтама

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы анықтама

 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 86 033 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36 614 адам, ауылдық елді – мекендерде               49 419  адам тұрады.

2024 жылдың 1 желтоқсанға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2024 жылдың 1 желтоқсанға болжамдалған 15 млрд. 416 млн. 350 мың теңгенің орнына                                        15 млрд. 146 млн. 642 мың. теңгеге немесе 98,3 пайызға (республикалық бюджеттен берілетін кредиттің түспеуінен), оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған  5 млрд. 177 млн. 872 мың. теңгенің орнына 6 млрд. 30 млн. 261 мың теңге болып 116,5  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанға жалпы
15 млрд. 416 млн. 350 мың теңгеге жоспарланды. 11 айдың қорытындысымен 14 млрд. 612 млн. 435 мың теңгеге немесе 94,8 пайызға орындалды.  

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 11 айында 61 млрд. 29 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2023 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 127,3  пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 38 млрд 341 млн. теңгеге жетіп, 142,0 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
64 млрд. 349 млн теңгені құрады немесе 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 150,2  пайызды құрады.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 14 млрд. 550 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,1 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 67934 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,9 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 12 млрд. 778 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,7 пайызды құрады.

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 45 млрд. 644 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 103,7  пайызды  құрады.

2024 жылдың 1 желтоқсанғатірілей салмақта 4333,3 тонна ет, 10850,0 тонна сүт, 1875,6 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 103,2 пайызға, сүт 101,8 пайызға, жұмыртқа 100,8 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

         2024 жылдың 1 желтоқсанға ірі қара 89530 басты, уақ мал 140882 басты, жылқы 26394 басты, түйе 1861 басты, құс 28663 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 133,2 уақ мал 129,0, жылқы 104,1, түйе 116,8  пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2024 жылдың 1 желтоқсанға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6462 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 90,2 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4110, шаруа қожалық-1797, заңды тұлға-555) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  6264-ты құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,9 %-ға жетті.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша халық саны 86 033. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.

Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.

2024 жылы ауданда 2 959 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып,                  11 айдың қорытындысымен 2735 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 92,4 пайызға орындалды.

Ақпарат
Дата публикации
09 января 2025