«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9, 14, 44, 45, 46, 111, 112-баптарына сәйкес және 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткізілген Шиелі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың қорытындылары негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №3 бірмандаттық сайлау округі бойынша Шиелі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті деп танылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мұстафаұлы Әбдіәзиз депутат болып тіркелсін.
- Тіркелген депутатқа депутат куәлігі және төсбелгі табыс етілсін.
- Шиелі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында және осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/115
11.12.2024 ж.