2024 жылғы 8 желтоқсандағы Шиелі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына өткен сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 8 желтоқсанда №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3446 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2571 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 9 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шиелі аудандық мәслихат депутатының сайлауы бойынша мынадай қорытындылар белгіленді:
кандидат Алмагамбетова Орынкуль Асылбековна үшін сайлаушылардың 232 дауысы берілді;
кандидат Қасымов Жантас Инаятханұлы үшін сайлаушылардың 158 дауысы берілді;
кандидат Мұстафаұлы Әбдіәзиз үшін сайлаушылардың 2177 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 2;
Сайлау қорытындысымен №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шиелі аудандық мәслихаттың депутаты болып Мұстафаұлы Әбдіәзиз сайланды. 1987 жылы туған, «Sinooil» ЖШС Қызылорда филалының директоры, Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылында тұрады.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы