Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2024 жылғы 8 желтоқсанда Шиелі ауданының №3 сайлау округінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиясы мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына ұсынылған 3 кандидатты тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 3 кандидаттың 3-і өзін-өзі ұсынған. Оның 2-і ер адам, 1-і әйел адам.
3 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады.
Орташа жас - 37.
2 кандидаттың жоғары білімі, 1 кандидаттың орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 2-і – коммуналдық мемлекеттік мекемелерде, 1-і - коммерциялық құрылымда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол а.ж. 7 желтоқсан 00.00 сағатқа дейін созылады.