Сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекарасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы, Шиелі ауданының сайлау комиссиясының  2024  жылғы 11 қазандағы АСК-24/104 қаулысына сәйкес, Шиелі ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекарасы туралы хабарлайды.

 

№273 сайлау учаскесі

Шекарасы: Талаптан ауылдық округi.

Орталығы: Талаптан ауылдық округі, Бала би ауылы, Бала би к-сі №10,                                                                   

мәдениет үйі. Байланыс тел: 32-1-53. Электронды поштасы: USK_273@mail.kz

№274 сайлау учаскесі

Шекарасы: Бәйгеқұм ауылдық округi.

Орталығы: Бәйгеқұм ауылдық округі, Бәйгеқұм ауылы, Абай к-сі №26,  клуб үйі. Байланыс тел: 21-1-88. Электронды поштасы: USK_274@mail.kz

Ақпарат
Дата публикации
17 октября 2024